https://sputnik.kz/20221211/ekibastuzda-zhylusyz-otyrgan-qansha-uy-qaldy-30248772.html
Екібастұзда жылусыз отырған қанша үй қалды
Екібастұзда жылусыз отырған қанша үй қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Екібастұз қаласында 29 жеке меншік үй әлі жылусыз отыр. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала... 11.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-11T12:36+0500
2022-12-11T12:36+0500
2022-12-11T12:36+0500
екібастұз
https://sputnik.kz/img/07e5/01/06/15934234_0:314:3083:2048_1920x0_80_0_0_3cd4bd85d4b86befffb929a6e4ac9a82.jpg
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Екібастұз қаласында 29 жеке меншік үй әлі жылусыз отыр. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала басшысы Аян Бейсекин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазіргі кезде жеке меншік секторда жылусыз қалған үйлердің саны үнемі өзгеріп отырады. Себебі күн сайын жаңа өтініштер түседі.Оның айтуынша, жөндеу жұмыстарына барлығы 400-дей адам тартылып отыр. Олар күн батқанша тоқтамай, жұмыс істеп жатыр. Оған қоса, халық тарапынан батареялардың жылынбауына қатысты сұрақтар көп түседі. Әсіресе, шалғай жердегі үйлерде ондай проблема жиі болады."Қазір жылуды реттейтін мамандардың бес тобы үйлерді аралап жүр. Павлодар қаласынан да шақырылды. Олар бізге жылу жүйесін ретке келтіруге көмектесіп жатыр. Бұл жұмыс бірнеше күн, бәлкім, бір апта жүргізіледі", – деп атап өтті Екібастұз әкімі.Бейсекин магистралдық желілерде көрсеткіштер дұрыс дейді. Алайда аудандар ішінде және үйлердің арасында қысым жағынан проблема бар. Сол себепті жүйені ретке келтіру керек.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/06/15934234_352:0:3083:2048_1920x0_80_0_0_653cc5d1e24876a2af95839c3bde4cd0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз
Екібастұзда жылусыз отырған қанша үй қалды
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Екібастұз қаласында 29 жеке меншік үй әлі жылусыз отыр. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала басшысы Аян Бейсекин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қазіргі кезде жеке меншік секторда жылусыз қалған үйлердің саны үнемі өзгеріп отырады. Себебі күн сайын жаңа өтініштер түседі.
"Мәселен, кеше 90 мекенжай болған. 59 үй бойынша жұмыс жасалды, 21 мекенжай қалған. Бүгін тізімге тағы бірнеше үй қосылды. Кеше кешкі уақытта шамамен 38 жеке үй жылусыз болған. Қазір 29 қалды, барлығына жылу беру керек", - дейді Бейсекин.
Оның айтуынша, жөндеу жұмыстарына барлығы 400-дей адам тартылып отыр. Олар күн батқанша тоқтамай, жұмыс істеп жатыр. Оған қоса, халық тарапынан батареялардың жылынбауына қатысты сұрақтар көп түседі. Әсіресе, шалғай жердегі үйлерде ондай проблема жиі болады.
"Қазір жылуды реттейтін мамандардың бес тобы үйлерді аралап жүр. Павлодар қаласынан да шақырылды. Олар бізге жылу жүйесін ретке келтіруге көмектесіп жатыр. Бұл жұмыс бірнеше күн, бәлкім, бір апта жүргізіледі", – деп атап өтті Екібастұз әкімі.
Бейсекин магистралдық желілерде көрсеткіштер дұрыс дейді. Алайда аудандар ішінде және үйлердің арасында қысым жағынан проблема бар. Сол себепті жүйені ретке келтіру керек.