https://sputnik.kz/20221211/atyrau-munay-ondeu-zauytyndagy-zhondeu-zhumystary-ayaqtaldy-30244808.html
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары аяқталды
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары аяқталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары 1 қазанда басталып, 5 желтоқсанда мерзімінен кешігіп аяқталды, деп... 11.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-11T10:46+0500
2022-12-11T10:46+0500
2022-12-11T10:46+0500
атырау
мұнай
https://sputnik.kz/img/400/58/4005881_0:103:1100:722_1920x0_80_0_0_40a88b71386fb86c6d9f31c2e777abfa.jpg
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары 1 қазанда басталып, 5 желтоқсанда мерзімінен кешігіп аяқталды, деп хабарлады "Хабар 24".Оған бірнеше фактор әсер еткен. Соның ішінде ауа температурасының төмендігі де қолбайлау болыпты.Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылды. Мұндай тәсіл мұнай өнімдерінің үздіксіз өңделуіне мүмкіндік берген."Жөндеу кезінде шығатын бу атмосфераға шығарылмады, жабық дренажды жүйеге жіберілді. Себебі қоршаған ортаны қорғау керек. Қазір қондырғылар іске қосылып жатыр. Зауыт қазірдің өзінде өнім шығара бастады", - дейді АМӨЗ ЖШС Термокаталитикалық тереңдету процестері жөніндегі басқарушы директоры Асқар Сақауов.Атырау мұнай өңдеу зауыты екі жыл бойы жоспарлы жөндеу көрмей, үздіксіз жұмыс істеді. Бастапқыда жөндеу жұмыстары 2021 жылдың күзіне жоспарланған. Бірақ мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында жөндеу жұмыстары 5 рет кейінге шегерілді.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/400/58/4005881_0:0:1100:825_1920x0_80_0_0_3dbc93f482d3fccb6d43485d14956863.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, мұнай
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары аяқталды
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары 1 қазанда басталып, 5 желтоқсанда мерзімінен кешігіп аяқталды, деп хабарлады
"Хабар 24". Оған бірнеше фактор әсер еткен. Соның ішінде ауа температурасының төмендігі де қолбайлау болыпты.
"Жоспарлы жөндеу аяқталды. Қазір зауытта өндірілетін өнім көлемі артты. Біз қондырғыларды іске қосу жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Бірқатар қондырғы ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп іске қосылды. Қысқа мерзім ішінде жанар-жағармайдың жоспарлы жөнелтілуін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз", - дейді"Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ Мұнай өңдеу, мұнай химиясы департаментінің директоры Дмитрий Макеев.
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылды. Мұндай тәсіл мұнай өнімдерінің үздіксіз өңделуіне мүмкіндік берген.
"Жөндеу кезінде шығатын бу атмосфераға шығарылмады, жабық дренажды жүйеге жіберілді. Себебі қоршаған ортаны қорғау керек. Қазір қондырғылар іске қосылып жатыр. Зауыт қазірдің өзінде өнім шығара бастады", - дейді АМӨЗ ЖШС Термокаталитикалық тереңдету процестері жөніндегі басқарушы директоры Асқар Сақауов.
Атырау мұнай өңдеу зауыты екі жыл бойы жоспарлы жөндеу көрмей, үздіксіз жұмыс істеді. Бастапқыда жөндеу жұмыстары 2021 жылдың күзіне жоспарланған. Бірақ мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында жөндеу жұмыстары 5 рет кейінге шегерілді.