Өңірлер

Аптаның алғашқы күнінде ауа райы қандай болады

© Pixabay / AngelaL_17Мороз
Мороз - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан - Sputnik. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
12 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады.
12-13 желтоқсанда оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, облыстың шығысында жел соғады, таулы аймақтарда 15-20 м/с.
12 желтоқсанда таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының солтүстігінде – боран. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады - 15-20 м/с.
12 желтоқсанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында – боран.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 11-13 градус аяз.
Алматыда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 4-6 градус аяз.
Шымкентте де жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 0-2 градус нөлден төмен.
Жаңалықтар
0