https://sputnik.kz/20221210/zhelide-qazaqstandyqtarga-193-mynnan-tolenedi-degen-aqparat-tarady-30239983.html
Желіде қазақстандықтарға 193 мыңнан төленеді деген ақпарат тарады
Желіде қазақстандықтарға 193 мыңнан төленеді деген ақпарат тарады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. WhatsApp-та қазақстандықтар еліміздің әрбір азаматына "193 817 лв" мөлшерінде төлем жасалатыны туралы хабарлама тарады, деп... 10.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-10T19:09+0500
2022-12-10T19:09+0500
2022-12-10T19:09+0500
жалған ақпарат
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948654_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_c057ccc1f916be84f52fbbd31d9dcd54.jpg
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. WhatsApp-та қазақстандықтар еліміздің әрбір азаматына "193 817 лв" мөлшерінде төлем жасалатыны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Stopfake.kz.Хабарды таратушылар бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлаудан кейін мәлімдеді деген. Басылым бұл ақпараттың фейк екенін анықтады.Хабарламаны оқығанда көзге түсетін бірінші нәрсе - адамдарға қаражат төленетін валюта - лв. Лв болгар ұлттық валютасының белгісі. Қазақстанда бұл валюта пайдаланылмайды және ешқандай мемлекеттік төлемдер жүргізілмейді.Сонымен қатар, төлемді алу үшін қандай да бір ресми ресурсқа емес, Fi-fa Qatar мекен жайы бойынша сайтқа өту ұсынылатынына назар аударған жөн. Іс жүзінде ҚР азаматтары атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімдерді тек eGov.kz порталында ғана бере алады.Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке қайта сайланған жағдайда, жаппай ақшалай төлемдер жасалатыны туралы сөзі де шындыққа жанаспайды. Оның сайлауалды науқанында бұл туралы ештеңе айтылған жоқ."Хабарламада аталған қазақстандықтарға төленетін төлемдер туралы БАҚ-та да, мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да ақпарат жоқ. Демек, таралған хабарлама өтірік.Мұндай платформаларды кибер алаяқтар жасайды. Осылайша, олар пайдаланушылардың жеке деректерін иемденіп, оларды өз мақсаттарында пайдаланады", - деп жазған басылым.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948654_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_39f1ade463d405ae88ee7888f46cff21.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалған ақпарат
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. WhatsApp-та қазақстандықтар еліміздің әрбір азаматына "193 817 лв" мөлшерінде төлем жасалатыны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Stopfake.kz.
Хабарды таратушылар бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлаудан кейін мәлімдеді деген. Басылым бұл ақпараттың фейк екенін анықтады.
Хабарламаны оқығанда көзге түсетін бірінші нәрсе - адамдарға қаражат төленетін валюта - лв. Лв болгар ұлттық валютасының белгісі. Қазақстанда бұл валюта пайдаланылмайды және ешқандай мемлекеттік төлемдер жүргізілмейді.
Сонымен қатар, төлемді алу үшін қандай да бір ресми ресурсқа емес, Fi-fa Qatar мекен жайы бойынша сайтқа өту ұсынылатынына назар аударған жөн. Іс жүзінде ҚР азаматтары атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімдерді тек eGov.kz порталында ғана бере алады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке қайта сайланған жағдайда, жаппай ақшалай төлемдер жасалатыны туралы сөзі де шындыққа жанаспайды. Оның сайлауалды науқанында бұл туралы ештеңе айтылған жоқ.
"Хабарламада аталған қазақстандықтарға төленетін төлемдер туралы БАҚ-та да, мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да ақпарат жоқ. Демек, таралған хабарлама өтірік.
Мұндай платформаларды кибер алаяқтар жасайды. Осылайша, олар пайдаланушылардың жеке деректерін иемденіп, оларды өз мақсаттарында пайдаланады", - деп жазған басылым.