https://sputnik.kz/20221210/zhana-kupyura-tupnusqalygyn-qalay-anyqtaydy-30233816.html
Жаңа купюраның түпнұсқалығын қалай анықтайды – ұлттық банк түсіндірді
Жаңа купюраның түпнұсқалығын қалай анықтайды – ұлттық банк түсіндірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банктің банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асқат Мұқамадиев 20 000 теңгелік банкноттың... 10.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-10T12:09+0500
2022-12-10T12:09+0500
2022-12-10T12:14+0500
ұлттық банк
банкнот
https://sputnik.kz/img/981/50/9815097_0:0:1923:1081_1920x0_80_0_0_93cdb98f03007b2bf0598343208861ab.jpg
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банктің банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асқат Мұқамадиев 20 000 теңгелік банкноттың түпнұсқалығын қалай білуге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Биыл 1 қазаннан бастап айналымға 20 000 теңгелік жаңа банкнотты шығарған болатын. Қағаз ақша бірыңғай стильде жасалған. Бет жағында Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, Қазақ елі монументі, Мәңгілік ел салтанат қақпасы, қазақ ою-өрнегінің фрагменті және Тәуелсіздіктің 30 жылдық саны бейнеленген. Ал екінші бетінде Астана мен Ақорданың панорамалық көрінісі бар. "Банкноттарда рельефті жасайтын арнайы басып шығару тәсілі қолданылған. Сондай-ақ, көру қабілеті нашар адамдарға арналған жоғары рельефті шығыңқы элементтер түріндегі белгілер мен тігінен орналасқан деметаллизацияланған жолақ бар. Жолақ ауыспалы түске және динамикалық әсерлерге ие. Банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткенде жолақ алтын түстен жасыл түске өзгереді", - дейді Мұқамадиев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/981/50/9815097_0:0:1441:1081_1920x0_80_0_0_58994d3806809bb4f821d447b90c0ca7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, банкнот
Жаңа купюраның түпнұсқалығын қалай анықтайды – ұлттық банк түсіндірді
12:09 10.12.2022 (жаңартылды: 12:14 10.12.2022) АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банктің банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асқат Мұқамадиев 20 000 теңгелік банкноттың түпнұсқалығын қалай білуге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл 1 қазаннан бастап айналымға 20 000 теңгелік жаңа банкнотты шығарған болатын. Қағаз ақша бірыңғай стильде жасалған. Бет жағында Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, Қазақ елі монументі, Мәңгілік ел салтанат қақпасы, қазақ ою-өрнегінің фрагменті және Тәуелсіздіктің 30 жылдық саны бейнеленген. Ал екінші бетінде Астана мен Ақорданың панорамалық көрінісі бар.
"Банкноттарда рельефті жасайтын арнайы басып шығару тәсілі қолданылған. Сондай-ақ, көру қабілеті нашар адамдарға арналған жоғары рельефті шығыңқы элементтер түріндегі белгілер мен тігінен орналасқан деметаллизацияланған жолақ бар. Жолақ ауыспалы түске және динамикалық әсерлерге ие. Банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткенде жолақ алтын түстен жасыл түске өзгереді", - дейді Мұқамадиев.