https://sputnik.kz/20221210/tugan-qyzyn-birneshe-ret-zorlagan-er-adam-sottaldy-30237860.html
Туған қызын бірнеше рет зорлаған ер адам сотталды
Туған қызын бірнеше рет зорлаған ер адам сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны 17 жастағы туған қызын бірнеше рет зорлағаны үшін 16 жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz... 10.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-10T14:04+0500
2022-12-10T14:04+0500
2022-12-10T14:04+0500
ақмола облысы
зорлау
https://sputnik.kz/img/149/38/1493898_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_baec0c8041b7ee92db4c02f6f8deb306.jpg
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны 17 жастағы туған қызын бірнеше рет зорлағаны үшін 16 жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.Сот материалдарына сәйкес, Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғыны туған қызын алғаш рет 2020 жылы тамыз айында қорлаған. Ол кезде жасөспірім 17 жаста болды. Екеуі туыстарының үйінен көлікпен қайтып келе жатқан. Сол кезде ер адам салонда өзінің арам ойын іске асырды. Қорыққан қыз анасына ештеңе айтпаған. Ал жазасыз қалған әкесі сұмдық әрекеттерін тағы екі рет қайталапты. Үш айдан кейін қызы шыдай алмай, анасына бәрін айтып қойды. Әйел бірден полицияға арыз түсірді. Тергеушілер дереу Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-бөлігі (зорлау) бойынша іс қозғады. Жәбірленуші мен күдіктінің айғақтары мұқият зерделенді. Сот-медициналық және сот-психологиялық сараптамалар жасалды. Оқиға орнында қыздың айғақтары тексерілді. Ал сот отырысында сотталушы өз кінәсін жартылай мойындады. Бірақ тергеушілер жинаған дәлелмен оның қылмыс жасағанын толық дәлелдеп шықты. Соттың үкімімен туған қызын зорлаған ер адам 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған өмір бойы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Сондай-ақ қыздың пайдасына 3 млн теңге көлемінде моральдық өтемақысын төлеп беруі тиіс. Қазіргі кезде ер адам түрмеде өз жазасын өтеп жүр.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/149/38/1493898_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_7a437252d237ebaa27391b3257a3a0a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, зорлау
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны 17 жастағы туған қызын бірнеше рет зорлағаны үшін 16 жылға сотталды, деп хабарлайды
Polisia.kz порталы.
Сот материалдарына сәйкес, Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғыны туған қызын алғаш рет 2020 жылы тамыз айында қорлаған. Ол кезде жасөспірім 17 жаста болды. Екеуі туыстарының үйінен көлікпен қайтып келе жатқан.
Сол кезде ер адам салонда өзінің арам ойын іске асырды. Қорыққан қыз анасына ештеңе айтпаған. Ал жазасыз қалған әкесі сұмдық әрекеттерін тағы екі рет қайталапты. Үш айдан кейін қызы шыдай алмай, анасына бәрін айтып қойды. Әйел бірден полицияға арыз түсірді.
Тергеушілер дереу Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-бөлігі (зорлау) бойынша іс қозғады. Жәбірленуші мен күдіктінің айғақтары мұқият зерделенді. Сот-медициналық және сот-психологиялық сараптамалар жасалды.
Оқиға орнында қыздың айғақтары тексерілді. Ал сот отырысында сотталушы өз кінәсін жартылай мойындады. Бірақ тергеушілер жинаған дәлелмен оның қылмыс жасағанын толық дәлелдеп шықты.
Соттың үкімімен туған қызын зорлаған ер адам 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған өмір бойы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Сондай-ақ қыздың пайдасына 3 млн теңге көлемінде моральдық өтемақысын төлеп беруі тиіс. Қазіргі кезде ер адам түрмеде өз жазасын өтеп жүр.