https://sputnik.kz/20221210/tsifrlandyrudy-engizu-maseleleri-zhonindegi-prezident-30231508.html
Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі президент жанындағы комиссия отырысы өтті
Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі президент жанындағы комиссия отырысы өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 желтоқсан - Sputnik. Премьер-vинистр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен президент жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы... 10.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-10T10:00+0500
2022-12-10T10:00+0500
2022-12-10T10:02+0500
президент
цифрландыру
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15700764_0:320:3073:2048_1920x0_80_0_0_63495aff8ca98642ea2a5e3e145a24a7.jpg
АСТАНА, 10 желтоқсан - Sputnik. Премьер-vинистр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен президент жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Интернет сапасын жақсарту, байланыс инфрақұрылымын және жаңа цифрлық өнімдерді дамыту жоспарлары талқыланды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қалалар мен ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу, республикалық және бірінші дәрежедегі облыстық жолдар бойында талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту жайлы баяндады. Сондай-ақ 5G желілерін енгізу бойынша кең ауқымды жұмыстар қарастырылған 2023-2027 жылдарға арналған "Қолжетімді Интернет" ұлттық жобасын әзірлеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Primeminister.kz.Мемлекет басшысы мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту және мемлекеттік қызметтер көрсетудің дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық статистикалық тіркелімдерді енгізуді тапсырған болатын. Мусин мемлекеттік органдардың деректерін цифрландыру барысы туралы да айтып берді.Әлихан Смайылов бір ай мерзімде "Қолжетімді Интернет" ұлттық жобасын пысықтап, оны басқа мемлекеттік органдармен келісуді тапсырды. Сондай-ақ деректер базасын жаңғырту кезінде ақпаратты 100% қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15700764_91:0:2822:2048_1920x0_80_0_0_33e75881019da4842688d131a710ff94.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, цифрландыру
Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі президент жанындағы комиссия отырысы өтті
10:00 10.12.2022 (жаңартылды: 10:02 10.12.2022) АСТАНА, 10 желтоқсан - Sputnik. Премьер-vинистр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен президент жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Интернет сапасын жақсарту, байланыс инфрақұрылымын және жаңа цифрлық өнімдерді дамыту жоспарлары талқыланды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қалалар мен ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу, республикалық және бірінші дәрежедегі облыстық жолдар бойында талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту жайлы баяндады. Сондай-ақ 5G желілерін енгізу бойынша кең ауқымды жұмыстар қарастырылған 2023-2027 жылдарға арналған "Қолжетімді Интернет" ұлттық жобасын әзірлеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды
Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту және мемлекеттік қызметтер көрсетудің дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық статистикалық тіркелімдерді енгізуді тапсырған болатын. Мусин мемлекеттік органдардың деректерін цифрландыру барысы туралы да айтып берді.
Әлихан Смайылов бір ай мерзімде "Қолжетімді Интернет" ұлттық жобасын пысықтап, оны басқа мемлекеттік органдармен келісуді тапсырды. Сондай-ақ деректер базасын жаңғырту кезінде ақпаратты 100% қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.