Өңірлер

Петропавлда көлік өртеніп кетті, ер адам зардап шекті

© Photo : pixabay.comӨрт, көлік
Өрт, көлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2022
Жазылу
ПЕТРОПАВЛ, 10 желтоқсан - Sputnik. Петропавлда шетелдік көлік өртеніп кетті, 62 жастағы ер адамды күйік шалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 8 желтоқсан сағат 20:36-да "101" нөміріне Рыжова көшесінің бойында 134-үйдің маңынды "Ауди-89" автокөлігінің өртке оранғаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Өрт арнайы көліктер кәсіпорнынан шықты. №2 шақыру бойынша петропавлдық бөлімшелер төтенше жағдай орнына дереу жөнелтілді. Өрт салдарынан 1960 жылы туған ер адам (қызметкер емес) дене жарақатын алған, беті мен қолын 5% термиялық күйік шалған", - деп хабарлады ТЖД.
Зардап шегуші 3-ші қалалық ауруханаға жақ-бет хирургиясына жатқызылды, жағдайы орташа ауыр. Өрт салдарынан көлік толығымен жанып кетті.
Өрт сағат 21.06-да сөндірілді. 7 техника мен 20 өрт сөндіруші жұмылдырылды.
Өрт қозғалтқыш бөлігіндегі қысқа тұйықталудан шыққан. Шығын анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0