Бидай ұрлауға келген топтың көлігі бұзылып қалды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области Кражу зерна на более чем 1,5 миллиона тенге раскрыли полицейские на севере Казахстана
Кражу зерна на более чем 1,5 миллиона тенге раскрыли полицейские на севере Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында 10 тонна бидайды КамАЗ-ға тиеген ұрылардың көлігі бұзылып қалды. Олар бір күннен кейін жүк көлігін жөндеп, астығымен бірге алып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл оқиға Есіл ауданында болған. Ұрылар қойманың есігін бұзып, ішіне КамАЗ-ды кіргізген. Сосын оған 10 тонна бидай тиеп тастады. Ал қоймадан шығамыз дегенде жүк көлігі оталмай қалды.
Содан олар бәрін тастап, ертесінде қосымша бөлшектерін алып келді. Сол жерде көлікті жөндеп, ізін жасырған. Қойманың иесі ұрлықтың болғанын білмеген. Оны полицейлер айтты. Тәртіп сақшылары Қызыжар ауданының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Оның сыбайластары да анықталды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. КамАЗ тәркіленді. Ұрланған астықтың жалпы сомасы 1 миллион 600 мың теңгені құрайды.
Айта кетері, осы қылмы үшінекі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0