Спорт

Әлем чемпионаты: Қазақстан ауыр атлетикадан алғашқы медальге ие болды

© AFP 2024 / Dimitar DilkoffШтанга
Штанга - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Колумбияның Боготе қаласында қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медальге ие болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
73 келі салмақ дәрежесінде Алексей Чуркин қола медальді жеңіп алды. Ол штанганы жұлқып көтеруден 153 келіні, ал серпе көтеру кезінде 190 келіні ұстап қалды. Осылайша, жалпы есеп бойынша 323 келіні көтеріп, үшінші орынға ие болды.
Индонезиялық Рахмат Абдулла (352 келі) алтын, ал оның жерлесі Ризки Джуниансьяху (347 келі) күміс медальді алып кетті.
Айта кетері, Қазақстан мен Колумбияның уақыт айырмашылығына байланысты жарыстар түнде немесе таңғы уақытта көрсетіледі. Алда тағы бірнеше спортшымыз шығады.
12 желтоқсан, дүйсенбі 01.00 ерлер 89 келіге дейін (в тобы) Асылжан Бектай, Денис Уланов
03.30 ерлер 81 келіге дейін (а тобы) Еламан Сейітқазы
13 желтоқсан, сейсенбі 01.00 ерлер 96 келіге дейін (В тобы) Әлішер Сейітқазы
03.30 ерлер 96 келіге дейін (А тобы) Нұрғиса Әділетұлы
14 желтоқсан, сәрсенбі 01.00 әйелдер 76 келіге дейін (В тобы) Арай Нұрлыбекова
06.00 ерлер 102 келіге дейін (А тобы) Артем Антропов
14 желтоқсан, сәрсенбі 22.30 әйелдер 81 келіге дейін (С тобы) Аиша Омарова 22.30 әйелдер 87 келіге дейін (В тобы) Айым Есжанова
15 желтоқсан, бейсенбі 22.30 әйелдер 87+ келі (В тобы) Любовь Ковальчук
Аружан Сагандыкова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2022
Спорт
Мысырда қазақстандық қыздар теннис турнирінің финалына шықты
Жаңалықтар
0