https://sputnik.kz/20221209/toqaev-sanktsiyalardyn-aseri-turaly-aytty-30211152.html
Тоқаев санкциялардың әсері туралы айтты
Тоқаев санкциялардың әсері туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО аймағында санкциялардың әсерін жеңілдету керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik... 09.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-09T15:14+0500
2022-12-09T15:14+0500
2022-12-09T15:14+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/09/30209496_76:115:1222:759_1920x0_80_0_0_ad0b82c75ffc8e746ae17ff4e49aa964.jpg
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО аймағында санкциялардың әсерін жеңілдету керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бүгін Бішкекете өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан президенті экономикалық мәселелерге ерекше тоқталды. Одақ елдерінде қазан айында инфляция деңгейі 11,5 процентті құрады. Ал негізгі өсімі азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға тиесілі. "Мұның бәрі азаматтарымыздың сатып алу қабілеті мен әлеуметтік әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді. Белгілі санкциялық шектеулер ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің экономикасына қысым жасайтынын мойындау қажет. Сондықтан елдеріміздің комиссиялары мен үкіметтері бұл мәселеге ерекше назар аударып, санкциялық шектеулердің әсерін жеңілдету жолдарын ұсынуы керек", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы. Осы орайда Тоқаев әлемдегі сауда-саттықты айтарлықтай шектейтін түрлі тыйымдар, квоталар мен баж салықтарының енгізіліп жатқанына қарамастан, ЕАЭО-ның ішкі ынтымақтастығы жаһандық үрдістерден ерекшеленеді және келешекке сенім ұялатады. "Сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы қаңтар-қазан айларында 7 пайызға өсіп, 23 миллиард долларға жетті. Бірлескен ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр", - деді Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/09/30209496_200:108:1087:773_1920x0_80_0_0_35091f35dc59ae941c419797a14a07c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев санкциялардың әсері туралы айтты
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО аймағында санкциялардың әсерін жеңілдету керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бүгін Бішкекете өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан президенті экономикалық мәселелерге ерекше тоқталды.
"Халықаралық ұйымдардың болжамдары көңіл көншітпейді. Халықаралық валюта қоры 2023 жылы әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамды 2,7 пайызға, Дүниежүзілік сауда ұйымы 1 пайызға дейін төмендетті. Осыған орай Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегі бойынша, ЕАЭО-ға мүше елдердегі тұтыну бағасы өсіп келеді", - деді Тоқаев.
Одақ елдерінде қазан айында инфляция деңгейі 11,5 процентті құрады. Ал негізгі өсімі азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға тиесілі.
"Мұның бәрі азаматтарымыздың сатып алу қабілеті мен әлеуметтік әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді. Белгілі санкциялық шектеулер ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің экономикасына қысым жасайтынын мойындау қажет. Сондықтан елдеріміздің комиссиялары мен үкіметтері бұл мәселеге ерекше назар аударып, санкциялық шектеулердің әсерін жеңілдету жолдарын ұсынуы керек", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Осы орайда Тоқаев әлемдегі сауда-саттықты айтарлықтай шектейтін түрлі тыйымдар, квоталар мен баж салықтарының енгізіліп жатқанына қарамастан, ЕАЭО-ның ішкі ынтымақтастығы жаһандық үрдістерден ерекшеленеді және келешекке сенім ұялатады.
"Сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы қаңтар-қазан айларында 7 пайызға өсіп, 23 миллиард долларға жетті. Бірлескен ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр", - деді Тоқаев.