https://sputnik.kz/20221209/toqaev-pater-utyp-algan-sheneunikti-zhana-qyzmetke-tagayyndady-30165094.html
Тоқаев пәтер ұтып алған шенеунікті жаңа қызметке тағайындады
Тоқаев пәтер ұтып алған шенеунікті жаңа қызметке тағайындады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Ғабидулла Оспанқұлов президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы... 09.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-09T10:20+0500
2022-12-09T10:20+0500
2022-12-09T10:20+0500
пәтер
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:6017:3385_1920x0_80_0_0_1ecc03415eb667e96f63f60804a11e4f.jpg
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Ғабидулла Оспанқұлов президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.Бұған дейін Оспанқұлов бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. Мемлекеттік инспектор болды.Ол екі жыл бұрын ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарып жүргенде астанадағы ірі құрылыс компаниясы ойнатқан пәтерді ұтып алған болатын. Сол кезде Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген Оспанқұлов жеке пәтері жоқ екенін, туыстарының үйінде тұрып жатқанын айтты. Ал құрылыс компаниясынан 4 бөлмелі пәтер сатып алғанда жыл сайынғы ұтысқа қатысқан. Одан тағы бір бөлмелі пәтер ұтып алды. Бірақ шенеунік ол үйдің есебінен ипотекасын жабуға шешім қабылдады."Ұтып алған пәтерімді алмайтын болдым. Компаниядан пәтердің бағасын есептеп, ипотекаға алған пәтердің құнынан сол соманы алып тастауды сұрадым. Ай сайын 300 мың теңге кредит төлеп отырмын. Бұл ұтысымды ешкіммен бөлісе алмаймын, бұл Құдайдың менің отбасыма берген мүмкіндігі", - деді Оспанқұлов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:5355:4016_1920x0_80_0_0_29221478bd64245d310fbd0d9fb385a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пәтер
Тоқаев пәтер ұтып алған шенеунікті жаңа қызметке тағайындады
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Ғабидулла Оспанқұлов президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Бұған дейін Оспанқұлов бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. Мемлекеттік инспектор болды.
Ол екі жыл бұрын ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарып жүргенде астанадағы ірі құрылыс компаниясы ойнатқан
пәтерді ұтып алған болатын.
Сол кезде
Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген Оспанқұлов жеке пәтері жоқ екенін, туыстарының үйінде тұрып жатқанын айтты. Ал құрылыс компаниясынан 4 бөлмелі пәтер сатып алғанда жыл сайынғы ұтысқа қатысқан. Одан тағы бір бөлмелі пәтер ұтып алды. Бірақ шенеунік ол үйдің есебінен ипотекасын жабуға шешім қабылдады.
"Ұтып алған пәтерімді алмайтын болдым. Компаниядан пәтердің бағасын есептеп, ипотекаға алған пәтердің құнынан сол соманы алып тастауды сұрадым. Ай сайын 300 мың теңге кредит төлеп отырмын. Бұл ұтысымды ешкіммен бөлісе алмаймын, бұл Құдайдың менің отбасыма берген мүмкіндігі", - деді Оспанқұлов.