"Сүйіншісі бар": 1,7 млн теңгесін түсіріп алған қызылордалық желіде пост жазды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда қаласының тұрғыны жоғалтып алған 1,7 миллион теңгесін қайтарып беруді сұрады.
"8 желтоқсан күні сағат 9:00-дан өте "Мирас" сауда үйі мен "Асдекор" дүкені аралығында 1 млн 700 мың көлеміндегі ақша түсіп қалған. Тапқан адамға сүйіншісі бар. Ақшаны қайтарып беруіңізді сұраймыз. Болмаса құзырлы органдарга жүгінеміз. Көрген адамдар болса, мына нөмірге хабарласуыңызды сұраймыз: 8 707 648 65 59, 8776 007 25 92", - деп жазды қала тұрғыны әлеуметтік желіде.
Желі қолданушылары 1,7 миллион теңгені қалай түсіріп алғанын түсінбей отыр. "Қалтамызды 20 мың болса, қайта-қайта қарап жүреміз", - дейді олар. Енді біреулер ақшаны тапқан адамды қорқытпауға кеңес берді. "Олай қорықтпаңыз, сізден біреу ұрлап алған жоқ қой, өзіңіз түсіріп алдыңыз, неге қорқытып тұрсыз? Аллам біреуден алып біреуге береді", - деп жазды тұрғындар. Басқалар "шүкіршілік етіп, пітір садақа бермеген шығарсыз" депті.
Жаңалықтар
0