https://sputnik.kz/20221209/sheteldik-kolikter-zansyz-tirkelgen-azamattarga-arnalgan-ukimet-zhauap-berdi-30176204.html
Шетелдік көліктер заңсыз тіркелген: "Азаматтарға арналған үкімет" жауап берді
Шетелдік көліктер заңсыз тіркелген: "Азаматтарға арналған үкімет" жауап берді
Sputnik Қазақстан
Бірқатар БАҚ-та "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының қызметкерлері мен бірнеше полицейдің шетелдік көліктерді заңсыз ресімдегені туралы ақпарат... 09.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-09T11:42+0500
2022-12-09T11:42+0500
2022-12-09T11:42+0500
тіркеу
автокөлік
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16380086_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_f40a88a8aac04f5035fb5eea1450b551.jpg
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы автокөлікті тіркеу туралы шешім қабылдамайды, деп хабарлады корпорацияның Астана қаласы бойынша филиалының директоры Мәди Саданов.Оның айтуынша, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері азаматтардың өтінішін қабылдап, бірыңғай тіркеу тәртібіне сәйкес мемлекеттік органға жолдайды.Берілген өтінішті мақұлдау немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайтын "WEB-модуль" сервистік орталығы да полиция департаментіне тиесілі.Айта кетері, мемлекеттік корпорация қызметкерлері құжаттардың толық пакетін қабылдауға ғана жауапты және құжаттардың түпнұсқалығын анықтау бойынша құқықтық талдау жүргізбейді."Осылайша мемлекеттік корпорация қызметкерлері Көлiк құралдарының кейбiр түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларына сәйкес көлік иелерін тұлғалық сәйкестендіру арқылы құжаттарын қабылдайды. Ал мемлекеттік орган қызметкерлері өтініштерді қабылдауға және олардың заңдылығын тексеруге жауапты", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанада "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлері мен азаматтық тұлғалардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталғанын хабарлаған болатын. Олар заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан.
https://sputnik.kz/20221209/astana-khqko-basshysy-tort-politsey-ustaldy-30161057.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16380086_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_aebba4cc3f13453b8ac685261fd62521.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тіркеу, автокөлік
Шетелдік көліктер заңсыз тіркелген: "Азаматтарға арналған үкімет" жауап берді
Бірқатар БАҚ-та "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының қызметкерлері мен бірнеше полицейдің шетелдік көліктерді заңсыз ресімдегені туралы ақпарат жарияланды
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы автокөлікті тіркеу туралы шешім қабылдамайды, деп
хабарлады корпорацияның Астана қаласы бойынша филиалының директоры Мәди Саданов.
Оның айтуынша, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері азаматтардың өтінішін қабылдап, бірыңғай тіркеу тәртібіне сәйкес мемлекеттік органға жолдайды.
"Одан кейін электронды өтініштерді қарау полиция департаменті процессингтік орталығының құзыретіне өтеді. Аталған орталықтың уәкілетті мамандары көліктің иесі мен көлік құралының заңдастырылған құжаттарының іздестірілуде (шектеулер, ауыртпалықтар) бар-жоғын, электронды өтініш пен сканерленген құжаттарды салыстыру арқылы олардың дұрыстығын тексереді", - деп жазылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы таратқан хабарламада.
Берілген өтінішті мақұлдау немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайтын "WEB-модуль" сервистік орталығы да полиция департаментіне тиесілі.
Айта кетері, мемлекеттік корпорация қызметкерлері құжаттардың толық пакетін қабылдауға ғана жауапты және құжаттардың түпнұсқалығын анықтау бойынша құқықтық талдау жүргізбейді.
"Осылайша мемлекеттік корпорация қызметкерлері Көлiк құралдарының кейбiр түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларына сәйкес көлік иелерін тұлғалық сәйкестендіру арқылы құжаттарын қабылдайды. Ал мемлекеттік орган қызметкерлері өтініштерді қабылдауға және олардың заңдылығын тексеруге жауапты", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанада "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлері мен азаматтық тұлғалардан тұратын ұйымдасқан
қылмыстық топ ұсталғанын хабарлаған болатын. Олар заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан.