https://sputnik.kz/20221209/qazaqstandyq-bankter-mir-tolem-kartalary-arqyly-operatsiya-zhasay-alady-30214799.html
Қазақстандық банктер "МИР" төлем карталары арқылы операция жасай алады
Қазақстандық банктер "МИР" төлем карталары арқылы операция жасай алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық банктер "МИР" жүйесінің төлем карталары бойынша операцияларды жүзеге асыруға рұқсат алды, деп хабарлайды қаржы... 09.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-09T16:29+0500
2022-12-09T16:29+0500
2022-12-09T16:29+0500
төлем
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1e/28074063_0:137:3152:1910_1920x0_80_0_0_fcbb87619c3588b401aad79d95f8ef5f.jpg
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық банктер "МИР" жүйесінің төлем карталары бойынша операцияларды жүзеге асыруға рұқсат алды, деп хабарлайды қаржы нарығын реттеу агенттігі."8 желтоқсанда реттеушілер АҚШ қаржы министрлігінің бөлімшесі — шетелдік активтерді бақылау басқармасынан (OFAC) хат алды, онда американдық ведомство "МИР" жүйесінің банк карталарын жеке тұлғалардың, атап айтқанда Ресейден Қазақстанға қоныс аударған азаматтардың күнделікті өмір сүруін қамтамасыз ететін операциялар жасау үшін пайдалануына қарсылық білдірмейтінін түсіндірді", - делінген хабарламада.Бұл ретте, хатта осы төлем жүйесімен жасалатын операциялар Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін оны пайдалануға жол бермеу мақсатында ерекше бақылауда қалатыны атап өтілген.Қазақстан Республикасының аумағында "МИР" жүйесінің төлем карталарын пайдалану мүмкіндіктері туралы түсініктеме беру үшін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандық банктердің өкілдерімен кездесу өткізді.Осылайша, қазақстандық банктер "МИР" карталары бойынша төлемдерді, аударымдарды қабылдауға, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін банкоматтар арқылы қолма-қол ақша беруді жүзеге асыруға құқылы.Бұл ретте, "МИР" жүйесіне қосылу туралы шешімді қазақстандық банктер өздерінің даму стратегиялары мен тәуекелдерді бағалаудың ішкі жүйелері негізінде дербес қабылдайды.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1e/28074063_212:0:2941:2047_1920x0_80_0_0_bb621e55e6f5d810d85626178ce50fbc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төлем, ресей
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық банктер "МИР" жүйесінің төлем карталары бойынша операцияларды жүзеге асыруға рұқсат алды, деп хабарлайды қаржы нарығын реттеу агенттігі.
"8 желтоқсанда реттеушілер АҚШ қаржы министрлігінің бөлімшесі — шетелдік активтерді бақылау басқармасынан (OFAC) хат алды, онда американдық ведомство "МИР" жүйесінің банк карталарын жеке тұлғалардың, атап айтқанда Ресейден Қазақстанға қоныс аударған азаматтардың күнделікті өмір сүруін қамтамасыз ететін операциялар жасау үшін пайдалануына қарсылық білдірмейтінін түсіндірді", - делінген хабарламада.
Бұл ретте, хатта осы төлем жүйесімен жасалатын операциялар Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін оны пайдалануға жол бермеу мақсатында ерекше бақылауда қалатыны атап өтілген.
Қазақстан Республикасының аумағында "МИР" жүйесінің төлем карталарын пайдалану мүмкіндіктері туралы түсініктеме беру үшін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандық банктердің өкілдерімен кездесу өткізді.
Осылайша, қазақстандық банктер "МИР" карталары бойынша төлемдерді, аударымдарды қабылдауға, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін банкоматтар арқылы қолма-қол ақша беруді жүзеге асыруға құқылы.
Бұл ретте, "МИР" жүйесіне қосылу туралы шешімді қазақстандық банктер өздерінің даму стратегиялары мен тәуекелдерді бағалаудың ішкі жүйелері негізінде дербес қабылдайды.