"Мүгедек баланы ұрды": Алматы облысындағы арнайы мекемеден шу шықты

© Sputnik / Айдана Дайырова"Аяла" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Аяла арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысының Талғар ауданындағы "Аяла" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан шу шықты. Әлеуметтік желіде аталған мекемеде тәрбиеленушілерді ұрып-соғатыны туралы видео тарады. Sputnik Қазақстан тілшісі мәселенің мән-жайын біліп қайтты.
© Sputnik / Айдана Дайырова"Аяла" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Аяла арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2022
"Аяла" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
27 қарашада болған оқиға 8 желтоқсанда әлеуметтік желіде тараған.
"Күні кеше жарияланған бейнетүсірілімге қатысты бірден комиссия құрылды. 14 жастағы қыз баланы мейірбике душқа шомылдыруға алып барған. Памперсін шешпек болғанда қыз қарсыласып, үлкен дәретін қолымен езіп, қалтасына сала берген. Бала не нәрсеге болсын қатты жылап, қарсылық көрсетеді. Үлкен дәретке отырып қояды, не оны бермейді. Біз дәретін езгізіп қарап отырмаймыз ғой", - дейді орталықтың директоры Тимур Болат.
© Sputnik / Айдана Дайырова"Аяла" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Аяла арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2022
"Аяла" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Сырқат жасөспірім бұл орталыққа 2019 жылы түскен. Тәрбиеленушілер арасындағы ең агрессивті баланың бірі дейді мамандар. Жақында психикалық орталыққа апарып, емдеп әкелген. Жасөспірімнің диагнозының ауыр екені туралы психиаторлардың қорытындысы бар.
© Sputnik / Айдана Дайырова"Аяла" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Аяла арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2022
"Аяла" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
"Қолына түскен нәрсені алайын десең бала қатты жылайды. Шомылдырғанда памперсін қалай шешпейміз, оның үстіне бала үлкен дәретке отырып қойған. Сол шомылдырған мейірбике ұрысқанын мойындады. Біз ол кісіні қазірше жұмыстан аластаттық. Ол маман көпбалалы ана. Баланың қадірін білетін жан. Біз кез келген адамды жұмысқа ала бермейміз. Ауыр ортада жұмыс істей білетін, шыдамды адамдарды жұмысқа қабылдаймыз", - дейді орталық мамандары.
Талғар ауданындағы бұл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 1965 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі күні мұнда 3 пен 18 жас аралығындағы 60 тәрбиеленуші бар. Жылдан-жылға мекемеге келетін балалар саны артып барады. Ал мүмкіндігі шектеулі әрі, психикалық аурумен ауыратын балалармен жұмыс істеуге екінің бірі шыдай алмайды, орталықта кадр тұрақтамайтын көрінеді. Айта кетері, мұндағы мамандар 100-110 мың теңге еңбекақы алады.
© Sputnik / Айдана Дайырова"Аяла" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Аяла арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2022
"Аяла" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
"Бізді жауапты мекемелер жиі тексереді. Балаларды бір-бірінен алыс ойнатамыз. Өйткені бірін-бірі тырнап алуы мүмкін. Біз ол үшін басымызбен жауап береміз. Осындағы балалардың 70%-ның ата-анасы келмек түгілі телефон арқылы хәлін білмейді. Жаңағы зәбір көрді деген қызымыз осында үш жыл тұрады, ата-анасы бір де бір рет телефон соққан жоқ", - дейді орталық директоры.
Күндіз-түні балаларға пана болған мекеме мамандарына топырақ шашудың керегі жоқ, дейді басшылық. Оның айтуынша, ата-анасы бір аптаға алып кетіп, бір күн шыдамай әкеп тастап жатқан балаларға мейірім мен қамқорлықты орталық мамандары көрсетіп отыр.
© Sputnik / Айдана Дайырова"Аяла" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Аяла арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2022
"Аяла" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Орталықта баласы тәрбиеленіп жатқан ата-аналар бұл жайтты естіп, "аққа қара жақпаңыздар" деп мекемеге араша түсті.
"Менің балам мұнда 1,5 жыл жатыр. Балам тап-таза, күтімі жақсы. Мен өзім дәл орталықтағыдай қарай алмаймын. Менің де үйімде у-шу болып жатамыз. Баланы үйіме әкетіп тұрамын. Сол кезде дәл осылай памперсін шешкізбейді. Дәретімен ойнайды. Мына видеоны көріп, жағамды ұстадым. Бұл адамдыққа жатпайды. Баланың жылаған дауысын естіген адам неге кіріп араша түспеді? Шын жаны ашыса солай істеу керек еді. Орталыққа кінә тағудың қажеті жоқ", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Динара Жұмабаева.
"Видеоны түсірген адам өзі келіп ауру балаларды баға ала ма екен" деп ашынды ата-аналар. Қазіргі күні оқиғаны аудандық прокуратура да тексеріп жатыр.
© RIA Novosti Айдана Дайырова"Аяла" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Аяла арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2022
"Аяла" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
"Аяла" орталығында болған оқиғаға қатысты аудан прокуратурасы 2022 жылғы 9 желтоқсанда еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді. Ішінара, әкімшілік тарапынан қызметтік тексеруді объективті жүргізу үшін "Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жолданады", - дейді Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қазіргі күні орталықта тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0