Мемлекетке қолданылмай жатқан 1,5 млн гектар жер қайтарылды

© Sputnik / Тимур БатыршинПшеница, архивное фото
Пшеница, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Биыл мемлекетке қолданылмаған 1,5 млн гектар жер қайтарылды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Ведомство хабарлауынша, ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, қоғамдық жайылымдардың тапшылығы 29 млн га 8 млн га дейін қысқартылды. Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында 11 мың үлескерге 500 мың га астам жер қайтарылды.
"Тексерістер олигополиялардың қолдануындағы ең жақсы және құнарлы ауылшаруашылық жерлерін, жайылымдар мен коммерциялық учаскелерді анықтады. Бүгінгі таңда олардан мемлекет пайдасына 145 мың гектар жер тәркіленді. Тексеріс қорытындысы бойынша 56 қылмыстық іс қозғалды, 9 кінәлі адам сотталды", - делінген хабарламада.
Тексеру нәтижелері бойынша Шымкент, Ақмола, Атырау, Алматы және Түркістан облыстары әкімдіктерінің Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бойынша басқармаларының лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының жеке жер пайдаланушыларына қатысты 56 қылмыстық іс қозғалды.
"Бүгінгі күні қылмыс жасаған 9 адам сотталды. Мыласы, Солтүстік Қазақстан облысында 800 үлескерлердің жер телімдерін асыра пайдаланып, алаяқтық жасаған кәсіпорын басшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0