Саясат

Көлгінов үкіметте әлеуметтік саладағы мәселелерге жетекшілік етеді

Алтай Көлгінов - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов өзінің жаңа орынбасары Алтай Көлгіновтің алдында тұрған басым міндеттерді атады. Вице-премьер үкіметте әлеуметтік саладағы мәселелерге жетекшілік етеді.
Көлгінов білім мен ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, мәдениет пен спорт, туризм салаларын дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл, демографиялық және көші-қон саясаты сияқты мәселелерді бақылауына алады.
Смайылов орынбасарына жаңа лауазымда жұмысының табысты болуын тіледі.
Бұған дейін үкіметте әлеуметтік блоктың мәселелеріне бұрынғы вице-премьер, Ақтөбе облысының қазіргі әкімі Ералы Тоғжанов жетекшілік ететін.
Айта кетері, Астананы үш жыл басқарған экс-әкім Алтай Көлгінов бүгін, 9 желтоқсанда президент жарлығымен премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Көлгіновтің өмірбаяны

Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген.
Әр жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Әділет министрлігінде және ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді.
2013-2016 жылдары – Орал қаласының әкімі.
2016-2019 жылдары – Батыс Қазақстан облысының әкімі.
2019 жылы Астана әкімі болып тағайындалды.
Жаңалықтар
0