https://sputnik.kz/20221208/uyde-korshilerdin-dauysy-estiledi-qurylys-kompaniyalary-zannyn-shikiligin-bilip-otyr-30150853.html
"Үйде көршілердің дауысы естіледі": құрылыс компаниялары заңның шикілігін біліп отыр
"Үйде көршілердің дауысы естіледі": құрылыс компаниялары заңның шикілігін біліп отыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көп қабатты үйлердегі бөлмеаралық қабырғаларға қатысты талап... 08.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-08T15:19+0500
2022-12-08T15:19+0500
2022-12-08T15:19+0500
құрылыс
көп қабатты үй
https://sputnik.kz/img/259/98/2599811_0:145:1921:1225_1920x0_80_0_0_8eb378c28ef967bdf1cac73350b8f5a2.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көп қабатты үйлердегі бөлмеаралық қабырғаларға қатысты талап күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистер көп қабатты үйлердің ортақ проблемасын көтерді. Халық шудан оқшаулау мәселесі жайында жиі айтады. Олар көрші пәтерлердегі дауыс анық естілетініне наразы.Министрдің айтуынша, заңда ішкі қабырғаларға нақты талап жоқ. Сол себепті құрылыс компаниялары шудан оқшаулау мәселесіне көп мән бермейді. Оның айтуынша, ішкі қабырғаларға қатысты стандарт міндетті түрде болады. "Қазір осы мәселені қарастырып жатырмыз. Келесі жылы ондай стандарттарды белгілейміз", - деп атап көрсетті Өскенбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/259/98/2599811_46:0:1873:1370_1920x0_80_0_0_9e69bd2db0de48353d4c8b853d183347.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс, көп қабатты үй
"Үйде көршілердің дауысы естіледі": құрылыс компаниялары заңның шикілігін біліп отыр
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көп қабатты үйлердегі бөлмеаралық қабырғаларға қатысты талап күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистер көп қабатты үйлердің ортақ проблемасын көтерді. Халық шудан оқшаулау мәселесі жайында жиі айтады. Олар көрші пәтерлердегі дауыс анық естілетініне наразы.
Министрдің айтуынша, заңда ішкі қабырғаларға нақты талап жоқ. Сол себепті құрылыс компаниялары шудан оқшаулау мәселесіне көп мән бермейді.
"Бізде сыртқы қабырғаның стандарты нақты белгіленген. Ал ішкі қабырғалар, яғни, бөлмеаралық қабырғалардың нақты талаптары белгіленбеген. Сол себепті қазір халық арасында шудан оқшаулауға қатысты сұрақтар жиі қойылады ", - дейді Өскенбаев.
Оның айтуынша, ішкі қабырғаларға қатысты стандарт міндетті түрде болады.
"Қазір осы мәселені қарастырып жатырмыз. Келесі жылы ондай стандарттарды белгілейміз", - деп атап көрсетті Өскенбаев.