https://sputnik.kz/20221208/taldyqorganda-darikhanada-quramynda-esirtkisi-bar-preparat-retseptsiz-satylgan-30128472.html
Талдықорғанда дәріханада құрамында есірткісі бар препарат рецептсіз сатылған
Талдықорғанда дәріханада құрамында есірткісі бар препарат рецептсіз сатылған
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Талдықорған дәріханаларының бірінде құрамында есірткісі бар препарат 20 рет рецептсіз сатылғаны анықталды, деп хабарлады... 08.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-08T21:50+0500
2022-12-08T21:50+0500
2022-12-08T21:50+0500
есірткі
дәріхана
https://sputnik.kz/img/805/47/8054783_0:109:1921:1189_1920x0_80_0_0_03f1ee6b44524c9859b9892f374bda3c.jpg
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Талдықорған дәріханаларының бірінде құрамында есірткісі бар препарат 20 рет рецептсіз сатылғаны анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.Жастардың дәріханалық нашақорлыққа қызығу деректері жиілеген. Өңір полицейлері осыған байланысты құрамында есірткі бар препараттарды рецептсіз сату фактілерін анықтау жұмыстарын күшейтті.Талдықорған дәріханаларының бірінде фармацевт трамадол апиынды анальгетикті дәрігердің рецептісінсіз сатқан. Фармацевтке қатысты жиналған материал фармакологиялық бақылауға жіберілді. Бұл дерек бойынша Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабына сәйкес, айыппұл салу жазасы көзделген. Соңғы төрт айда өңірде осындай 20 құқық бұзушылық анықталды.Жетісу облысы полиция департаментінің хабарлауынша, есірткі және психоактивті заттарды сақтау, өткізу немесе дәрілік препараттарды дәрігердің рецептісіз сату фактілері туралы, сондай-ақ оларға қатысы бар адамдар туралы ақпаратты Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының анонимді сенім телефондарына хабарлауға болады: күндізгі уақытта 60-80-47, 8 705 345 99 03 немесе 102 арнаға (тәулік бойы).
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/805/47/8054783_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_e0ec282c3493bd1891af6753b0333a04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, дәріхана
Талдықорғанда дәріханада құрамында есірткісі бар препарат рецептсіз сатылған
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Талдықорған дәріханаларының бірінде құрамында есірткісі бар препарат 20 рет рецептсіз сатылғаны анықталды, деп хабарлады
Polisia.kz. Жастардың дәріханалық нашақорлыққа қызығу деректері жиілеген. Өңір полицейлері осыған байланысты құрамында есірткі бар препараттарды рецептсіз сату фактілерін анықтау жұмыстарын күшейтті.
Талдықорған дәріханаларының бірінде фармацевт трамадол апиынды анальгетикті дәрігердің рецептісінсіз сатқан. Фармацевтке қатысты жиналған материал фармакологиялық бақылауға жіберілді. Бұл дерек бойынша Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабына сәйкес, айыппұл салу жазасы көзделген. Соңғы төрт айда өңірде осындай 20 құқық бұзушылық анықталды.
Жетісу облысы полиция департаментінің хабарлауынша, есірткі және психоактивті заттарды сақтау, өткізу немесе дәрілік препараттарды дәрігердің рецептісіз сату фактілері туралы, сондай-ақ оларға қатысы бар адамдар туралы ақпаратты Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының анонимді сенім телефондарына хабарлауға болады: күндізгі уақытта 60-80-47, 8 705 345 99 03 немесе 102 арнаға (тәулік бойы).