Қазақстанда жастардың саны бір күнде екі есеге жуық өсті

© Sputnik / Абзал КалиевЖастар
Жастар - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2022
Жазылу
2022 жылдың басында 3 741 083 жас болған, олардың жасын 35-ке дейін ұлғайтудың нәтижесінде бұл санатқа кіретін адамдардың саны 6 миллионға дейін артады
АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Сенат жастар санатына кіретін адамдардың жасын ұлғайтуға арналған заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Құжатқа сәйкес, жастар санатына жататын қазақстандықтардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылып отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің айтуынша, осы шараның нәтижесінде Қазақстанда жастардың саны бірден екі есеге жуық өсті.
"35-ке ұлғайтудың нәтижесінде елімізде жастардың саны 6 миллионға дейін көтерілейін деп отыр", - деді Қыдырәлі сенаттың жалпы отырысында.
Министрдің айтуынша, бұл сан мемлекеттік органдардың стратегиялық құжаттарында ескеріледі.
Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылдың басында жастар саны (14-28 жас) 3 741 083 адам болған. Олардың жартысынан көбі қалада тұрады.
Парламентте қабылданған заңда жастар саясатына қатысты тағы бірнеше маңызы мәселе бар. Олар:
"жастарды дамыту индексі", "жастардың әлеуметтік қызметтері", "уақытша орналастырылмаған жастар", "жастармен жұмыс жөніндегі маман", "жастардың еңбек жасақтары" ұғымдарын заңнамалық бекіту;
жастар ресурстық орталықтарының функцияларын кеңейту;
мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарына жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруды және жастар арасында волонтерлікті дамытуды енгізу;
уәкілетті органның құзыретіне жастардың еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын, жастарды дамыту индексін және қолдану қағидаларын әзірлеп, бекіту жөніндегі функцияларды енгізу.
Заң президенттің қол қоюына жіберілді.
Жаңалықтар
0