https://sputnik.kz/20221208/poyyzdar-keshigip-zhatyr--ministr-sebebin-aytty-30144482.html
Пойыздар кешігіп жатыр – министр себебін айтты
Пойыздар кешігіп жатыр – министр себебін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пойыздардың неліктен кешігіп келіп жатқанын түсіндірді, деп... 08.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-08T14:00+0500
2022-12-08T14:00+0500
2023-08-09T15:54+0500
пойыз
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768628_0:181:1000:744_1920x0_80_0_0_55d437edb9d2fc0ce9f2f701ead9bda1.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пойыздардың неліктен кешігіп келіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сенат отырысынан кейінгі брифингте журналистер пойыздардың кешігу мәселесін көтерді. "Өткен аптада әлеуметтік желіде Астаның ескі вокзалында пойыздар кешіккені туралы көп жазылды, әлі де солай дейді. Негізгі себебі қандай?", - деп сұрады тілшілер.Министр бірнеше күн шыдай тұруды өтінді. Оның айтуынша, өткен айда Қарағанды облысында жүк вагондары аударылғаннан кейін жол жабылған. Сол кезде пойыз қатынасы бұзылған."Екі жақтан да біраз пойыз жиналып қалды. Логистика жағынан үлкен салмақ түсті. Сол апаттың салдары әлі байқалып тұр. Бірнеше күн шыдай тұру керек. 3-4 күн дейді. Енді техника ғой, нақты айту қиын", - деді Өскенбаев.Айта кетері, 17 қарашада Қарағанды облысындағы Қарабас өткелінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Төтенше жағдай болған учаскеде пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768628_0:18:1000:768_1920x0_80_0_0_a159b226d713053396e1814ec348ee87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз
Пойыздар кешігіп жатыр – министр себебін айтты
14:00 08.12.2022 (жаңартылды: 15:54 09.08.2023) АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пойыздардың неліктен кешігіп келіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенат отырысынан кейінгі брифингте журналистер пойыздардың кешігу мәселесін көтерді. "Өткен аптада әлеуметтік желіде Астаның ескі вокзалында пойыздар кешіккені туралы көп жазылды, әлі де солай дейді. Негізгі себебі қандай?", - деп сұрады тілшілер.
Министр бірнеше күн шыдай тұруды өтінді. Оның айтуынша, өткен айда Қарағанды облысында жүк вагондары аударылғаннан кейін жол жабылған. Сол кезде пойыз қатынасы бұзылған.
"Екі жақтан да біраз пойыз жиналып қалды. Логистика жағынан үлкен салмақ түсті. Сол апаттың салдары әлі байқалып тұр. Бірнеше күн шыдай тұру керек. 3-4 күн дейді. Енді техника ғой, нақты айту қиын", - деді Өскенбаев.
Айта кетері, 17 қарашада Қарағанды облысындағы Қарабас өткелінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Төтенше жағдай болған учаскеде пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.