https://sputnik.kz/20221208/ekibastuzda-totenshe-zhagday-rezhimi-alyndy-30154879.html
Екібастұзда төтенше жағдай режимі алынды
Екібастұзда төтенше жағдай режимі алынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысының Екібастұз қаласында 28 қаршада енгізілген төтенше жағдай режимі алынды, деп хабарлайды қала Sputnik Қазақстан... 08.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-08T17:37+0500
2022-12-08T17:37+0500
2022-12-08T17:45+0500
екібастұз
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1e/29861181_0:56:1083:665_1920x0_80_0_0_8091f8748bccfe68b24ed34df55f8868.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысының Екібастұз қаласында 28 қаршада енгізілген төтенше жағдай режимі алынды, деп хабарлайды қала Sputnik Қазақстан әкімдігіне сілтеме жасап.Екібастұз әкімдігінің хабарлауынша, 2022 жылғы 8 желтоқсанда Екібастұз қаласының әкімі жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимінің күшін жою туралы шешім қабылдады.Әкімдік мәліметінше, жеке сектордың жылумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Орталық жылумен жабдықтауға қосылмаған тағы 40 жер үй бар."Сегіз бригаданың күшімен қаланың жылу трассаларындағы ұсақ ақаулар мен зақымдарды жою жұмыстары атқарылуда. Магистральдық және орамішілік желілердегі температуралық параметрлерді теңестіру және реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындар жылумен жабдықтау мәселелерімен "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС апаттық қызметіне тәулік бойы жүгіне алады", - деп хабарлады әкімдік.Үй-жайларда қажетті температуралық режим белгіленгеннен кейін мектептер мен балабақшалардың жұмысын штаттық режимде қайта бастау жоспарлануда.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1e/29861181_62:0:1022:720_1920x0_80_0_0_f346e5e8a82ce88e6ff08aadf670ceaf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, төтенше жағдай
екібастұз, төтенше жағдай
Екібастұзда төтенше жағдай режимі алынды
17:37 08.12.2022 (жаңартылды: 17:45 08.12.2022) АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысының Екібастұз қаласында 28 қаршада енгізілген төтенше жағдай режимі алынды, деп хабарлайды қала Sputnik Қазақстан
әкімдігіне сілтеме жасап.
Екібастұз әкімдігінің хабарлауынша, 2022 жылғы 8 желтоқсанда Екібастұз қаласының әкімі жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимінің күшін жою туралы шешім қабылдады.
"Барлық көппәтерлі тұрғын үйлер жылумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, көппәтерлі және жеке жер үйлерде гидравликалық режимді қалпына келтіру бойынша реттеу жұмыстары жалғасатын болады. Сәтбаев, 8 және Мәшһүр Жүсіп 52 көшелеріндегі үйлердің 7 корпусында су мен кәрізді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Әкімдік мәліметінше, жеке сектордың жылумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Орталық жылумен жабдықтауға қосылмаған тағы 40 жер үй бар.
"Сегіз бригаданың күшімен қаланың жылу трассаларындағы ұсақ ақаулар мен зақымдарды жою жұмыстары атқарылуда. Магистральдық және орамішілік желілердегі температуралық параметрлерді теңестіру және реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындар жылумен жабдықтау мәселелерімен "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС апаттық қызметіне тәулік бойы жүгіне алады", - деп хабарлады әкімдік.
Үй-жайларда қажетті температуралық режим белгіленгеннен кейін мектептер мен балабақшалардың жұмысын штаттық режимде қайта бастау жоспарлануда.