Балалардың ойыншығы қорқынышты болып барады

© Sputnik / Ксения ВоронинаОйыншықтар, архивтегі фото
Ойыншықтар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Қазір балалардың ойыншығының өзі қорқынышты болып барады. Мейірімді ата-әженің, күлімдеген қуыршақтың бейнесі жоқтың қасы.
Керісінше, түрі түгілі атынан ат үркейтін Хаги Ваги, Киси Миси деп аталатын қорқынышты қуыршақтар көбейді, деп хабарлады "Астана" арнасы.
Дүкенге кірген балалардың назары бірден осы Хаги Ваги мен Киси Мисиге ауады. Әсіресе, тоғыз жасқа дейінгілер қатты қызығады екен. Құбыжықтың түрі ұсқынсыз. Бірақ балаларды баурап алып жатыр. Түрі келіспесе де, қорқынышты ойыншықтың саудасы жүріп жатыр.
Сатушы Динара соңғы кездері сұраныс тіпті артты деп отыр. Тауар дүкен сөресіне келгеннен кішкентай тұтынушылар таласып алады.
"Бізде бі-екі жұмада тез өтіп кетеді. Көбінесе балалар ата-анасымен келіп алып кетеді. Кейде ата-анасына әкеп беріңізші деп өтініш жасайды. Сол кезде "хаги-вагиларды" осы жерге безілдеп іздеп келеді", - дейді сатушы Динара Ахметқызы.
Балалардың ойыншықпен ойнағаны құптарлық. Алайда психологиясы бұзылмауы маңызды. Зұлымдықтың бейнесіне өздері енбеуі қажет. Соларға ұқсаймын деп ұсқынын кетіріп алмасын. Сондықтан психологтар баланың логикасын кеңейтіп қызығушылығын артыратын дүниелерге назар аударғаны дұрыс дейді.
"Балалар осындай ойыншықтармен ойнау арқылы өзінің психикасында жағымды кейіпкер ретінде образ қалыптастырады. Сондықтан да осы ойыншықтардың салдарынан агрессия көрсететін болады, ашу-ызасын, эмоциясын ұстай алмайды, басқа адамдармен тез ренжісіп қалып жатады", - дейді психолог Балабек Сақтағанов.
Ойыншық тек ойын құралы ғана емес. Ол баланың жетілуіне әсер етеді. Сондықтан әр ойыншыққа мамандар психологиялық зерттеулер жүргізген жөн. Сонда ғана өскелең ұрпақ дұрыс бағыт алмақ.
Жаңалықтар
0