https://sputnik.kz/20221207/ukraina-qaruly-kushteri-ushin-artemovsk-strategiyalyq-maninen-ayyryldy-30151182.html
Украина Қарулы күштері үшін Артемовск стратегиялық мәнінен айырылды
Украина Қарулы күштері үшін Артемовск стратегиялық мәнінен айырылды
Sputnik Қазақстан
Ресей әскері арнайы әскери операция аймағында стратегиялық басымдық пен атыс артықшылығын сақтап отыр. Соледар мен Артемовсктен Маринка мен Вугледарға дейінгі... 07.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-07T21:35+0500
2022-12-07T21:35+0500
2022-12-08T15:13+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/13/29481143_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_af446f375f245b3052f0a3860647dbda.jpg
Ресей әскері арнайы әскери операция аймағында стратегиялық басымдық пен атыс артықшылығын сақтап отыр. Соледар мен Артемовсктен Маринка мен Вугледарға дейінгі 150 шақырымдық аумақта Украина Қарулы күштерінің жеке құрамын және НАТО-ның Киев режиміне жолдаған техникасы жаппай қиратылып жатыр. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу 6 желтоқсанда Донбастың алты елді мекені – Майорск, Павловка, Опытное, Андреевка, Оңтүстік Белогоровка, Курдюмовка қалаларының қысқа мерзімде азат етілгенін хабарлады. Министрдің айтуынша, қарашада қарсы тараптың шығыны 8300-ден астам әскери қызметкерді, 15 ұшақ пен тікұшақ, 149 танк және 300 әскери броньдалған машинаны құрады. Артемовск, Авдеевка, Марьинка аудандарында және Угледар бағытында ресейлік әскери бөлімшелер украин әскерінің позицияларына белсенді түрде шабуыл жасап жатыр. Ресей артиллериясы және десанттық жасақ соққыларымен Украина Қарулы күштерінің бірнеше бөлімшесі бүгін Донецктің шығыс шетіне іргелес жатқан Маринька қаласынан шықты. Артемовск маңындағы кескілескен шайқаста артиллерия және "Солнцепек" ауыр огнемет жүйесінің соққысынан Киев режимінің әскері үлкен шығынға ұшырап жатыр. Президент Владимир Зеленский өткен аптада Бахмут (Артемовск) үшін шайқаста елдің тағдыры шешіліп жатқанын алға тартып, Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйдан кері шегінбеуді талап етті. Алайда, дүйсенбіден, 5 желтоқсаннан бастап Киев Артемовскті қазірдің өзінде "стратегиялық маңызы жоқ" деп атады. Украина Қарулы күштері бұл жағдайға Ұлыбритания мен АҚШ әскери мамандарын айыптап отыр. Біріншілері украин бөлімшелерін дұрыс дайындамады деп есептейді. Екіншілері тиісті аумаққа "Моцарт" жеке әскери компаниясын жіберіп, олар жауынгерлік бақылауды өз қолына алып, украин әскерилерін тек алдыңғы шепте жүруге итермеледі деген пікір айтылды. "Артемовск қаласынан батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан Украина Қарулы күштерінің Славянско-Краматорск бекініс аймағы "Бахмут" тағдырын қайталағалы тұр. НАТО сарапшылары Донбастағы Украина Қарулы күштерінің екіге бөлінеді, шығынның артады және Киев режимі жауынгерлері кері шегінеді деген болжам жасады", – деп жазды Хроленко. Бір ғана соңғы тәулікте Донецк, Красно-Лиманск, Купянск бағыттарында Украина Қарулы күштерінің 340-тан астам әскери қызметкері, 10 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы мен жауынгерлік броньдалған техникасы жойылды. Кривой Рог металлургиялық комбинатының цехтарында MLRS-ке арналған алты іске қосу қондырғысы және 70-тен астам снаряд қиратылды. Малотарановка елді мекені маңындағы Украина Қарулы күштерінің әскери техникасын қалпына келтіру пунктіне жасалған соққыдан HIMARS жаппай оқ атуға арналған машинасы мен оған арналған 48 реактивті снаряд жойылды. Хроленконың ақпараты бойынша, Ресейдің арнайы әскери операция кезінде Украина Қарулы күштерінің иелігіндегі 520-дан астам ұшақ пен тікұшақ, 2 638 пилотсыз ұшу аппараты, 392 мобильді зениттік зымыран кешені, 7 020 танк және басқа броньдалған машина, 913 жаппай оқ атуға арналған жауынгерлік реактивті жүйе, 3 664 артиллериялық қондырғы жойылды. Киев режимі үшін орасан зор шығынмен қатар, қаһарлы қыс та проблема тудырып отыр. Аяз бен қарлы жазық далада НАТО стандарттарындағы әскери техниканы қолдану, оның жасырын қозғалысы қамтамасыз ету қиын болып тұр. The Washington Post газетінің жазуынша, майдан шебіндегі Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері тұрақты артиллериялық атқылаудан шаршады. Newsweek басылымы Украинаның энергетикалық инфрақұрылымы 2022 жылдың аяғына дейін толығымен істен шығуы мүмкін екенін, содан кейін жарықтың сөнуі бірнеше аптаға созылатынын, ал қалалар "алдағы төрт айда өмір сүруге жарамсыз болатынын" жазды. Украина президенті Владимир Зеленский НАТО-ны Ресеймен тікелей қақтығысқа тартуды көздегенімен, еуропалықтардың көбінің басқа жоспары бар. Германия, Италия, Франция және басқа да бірқатар мемлекет қару-жарақ жеткізуді баяулатып, өзін Киев режимінен айтарлықтай алшақтатуға тырысып жатыр. Француздардың Le Figaro газеті Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауға, Киевке қару-жарақ беруді тоқтатуға шақыратын үндеулерді жариялады. Өйткені Зеленский Украинаны қорғап отырған жоқ, ол "өз халқын құрбан ету арқылы Ресейді жою құралы болғысы келеді". Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
https://sputnik.kz/20221128/nato-ukrainada-zhenilip-zhatyr-ma-29837038.html
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/13/29481143_149:0:2880:2048_1920x0_80_0_0_0955f42ab641d029e97a57cc4a675525.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ресей
Ресей әскері арнайы әскери операция аймағында стратегиялық басымдық пен атыс артықшылығын сақтап отыр. Соледар мен Артемовсктен Маринка мен Вугледарға дейінгі 150 шақырымдық аумақта Украина Қарулы күштерінің жеке құрамын және НАТО-ның Киев режиміне жолдаған техникасы жаппай қиратылып жатыр.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу 6 желтоқсанда Донбастың алты елді мекені – Майорск, Павловка, Опытное, Андреевка, Оңтүстік Белогоровка, Курдюмовка қалаларының қысқа мерзімде азат етілгенін хабарлады. Министрдің айтуынша, қарашада қарсы тараптың шығыны 8300-ден астам әскери қызметкерді, 15 ұшақ пен тікұшақ, 149 танк және 300 әскери броньдалған машинаны құрады.
Артемовск, Авдеевка, Марьинка аудандарында және Угледар бағытында ресейлік әскери бөлімшелер украин әскерінің позицияларына белсенді түрде шабуыл жасап жатыр. Ресей артиллериясы және десанттық жасақ соққыларымен Украина Қарулы күштерінің бірнеше бөлімшесі бүгін Донецктің шығыс шетіне іргелес жатқан Маринька қаласынан шықты. Артемовск маңындағы кескілескен шайқаста артиллерия және "Солнцепек" ауыр огнемет жүйесінің соққысынан Киев режимінің әскері үлкен шығынға ұшырап жатыр.
Президент Владимир Зеленский өткен аптада Бахмут (Артемовск) үшін шайқаста елдің тағдыры шешіліп жатқанын алға тартып, Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйдан кері шегінбеуді талап етті.
Алайда, дүйсенбіден, 5 желтоқсаннан бастап Киев Артемовскті қазірдің өзінде "стратегиялық маңызы жоқ" деп атады. Украина Қарулы күштері бұл жағдайға Ұлыбритания мен АҚШ әскери мамандарын айыптап отыр. Біріншілері украин бөлімшелерін дұрыс дайындамады деп есептейді. Екіншілері тиісті аумаққа "Моцарт" жеке әскери компаниясын жіберіп, олар жауынгерлік бақылауды өз қолына алып, украин әскерилерін тек алдыңғы шепте жүруге итермеледі деген пікір айтылды.
"Артемовск қаласынан батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан Украина Қарулы күштерінің Славянско-Краматорск бекініс аймағы "Бахмут" тағдырын қайталағалы тұр. НАТО сарапшылары Донбастағы Украина Қарулы күштерінің екіге бөлінеді, шығынның артады және Киев режимі жауынгерлері кері шегінеді деген болжам жасады", – деп жазды Хроленко.
Бір ғана соңғы тәулікте Донецк, Красно-Лиманск, Купянск бағыттарында Украина Қарулы күштерінің 340-тан астам әскери қызметкері, 10 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы мен жауынгерлік броньдалған техникасы жойылды. Кривой Рог металлургиялық комбинатының цехтарында MLRS-ке арналған алты іске қосу қондырғысы және 70-тен астам снаряд қиратылды. Малотарановка елді мекені маңындағы Украина Қарулы күштерінің әскери техникасын қалпына келтіру пунктіне жасалған соққыдан HIMARS жаппай оқ атуға арналған машинасы мен оған арналған 48 реактивті снаряд жойылды.
"Ресей әскері Украина Қарулы күштерінің жедел тылына жоғары дәлдіктегі соққылар арқылы энергетика, байланыс және логистикалық нысандарды қиратып жатыр. Киев режимінің күштері резерв, жанар-жағармай, оқ-дәрі және әскери техника тапшылығын сезініп жатыр. НАТО елдерінің Киев режимін қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастыруын ескерсек те, іс жүзінде украин әскері жауынгерлік тұрақтылығын жоғалтты", - деп жазды әскери шолушы.
Хроленконың ақпараты бойынша, Ресейдің арнайы әскери операция кезінде Украина Қарулы күштерінің иелігіндегі 520-дан астам ұшақ пен тікұшақ, 2 638 пилотсыз ұшу аппараты, 392 мобильді зениттік зымыран кешені, 7 020 танк және басқа броньдалған машина, 913 жаппай оқ атуға арналған жауынгерлік реактивті жүйе, 3 664 артиллериялық қондырғы жойылды.
Киев режимі үшін орасан зор шығынмен қатар, қаһарлы қыс та проблема тудырып отыр. Аяз бен қарлы жазық далада НАТО стандарттарындағы әскери техниканы қолдану, оның жасырын қозғалысы қамтамасыз ету қиын болып тұр.
The Washington Post газетінің жазуынша, майдан шебіндегі Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері тұрақты артиллериялық атқылаудан шаршады. Newsweek басылымы Украинаның энергетикалық инфрақұрылымы 2022 жылдың аяғына дейін толығымен істен шығуы мүмкін екенін, содан кейін жарықтың сөнуі бірнеше аптаға созылатынын, ал қалалар "алдағы төрт айда өмір сүруге жарамсыз болатынын" жазды.
Украина президенті Владимир Зеленский НАТО-ны Ресеймен тікелей қақтығысқа тартуды көздегенімен, еуропалықтардың көбінің басқа жоспары бар. Германия, Италия, Франция және басқа да бірқатар мемлекет қару-жарақ жеткізуді баяулатып, өзін Киев режимінен айтарлықтай алшақтатуға тырысып жатыр. Француздардың Le Figaro газеті Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауға, Киевке қару-жарақ беруді тоқтатуға шақыратын үндеулерді жариялады. Өйткені Зеленский Украинаны қорғап отырған жоқ, ол "өз халқын құрбан ету арқылы Ресейді жою құралы болғысы келеді".
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.