Өңірлер

Талғарда бала зорлады деген күдікпен ұсталған жігіт изоляторда суицид жасады

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданында кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінген жас жігіт изоляторда өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
3 желтоқсанда Талғар ауданының полицейлері Қылмыстық кодекстің 121-бабы 3-1-бөлігінде (кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық) көзделген қылмысты жасады деген күдікпен 19 жастағы жігітті ұстады. Күдікті бұрын сотталған болып шықты.
ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібімен ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"5 желтоқсан сағат 13:55 шамасында күдікті уақытша ұстау изоляторының камерасында асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған. Өлім фактісі ҚР ҚК-ның 105-бабы 1-бөлігі бойынша Талғар ауданының полиция басқармасында тіркелді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚІЖК-нің 201-бабы негізінде өзге ақпарат жария етілмейді.
Жаңалықтар
0