https://sputnik.kz/20221207/reseyge-zymyran-komponentteri-zhetkiziletini-turaly-aqparat-shyndyqqa-zhanaspaydy-30120855.html
Ресейге зымыран компоненттері жеткізілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Ресейге зымыран компоненттері жеткізілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі TikTok әлеуметтік желісінде тараған Қазақстан Ресейге зымыран құрастыруға... 07.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-07T21:16+0500
2022-12-07T21:16+0500
2022-12-07T21:16+0500
зымыран бөлшектері
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18892615_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d13b76fddea0b72aec6b15194a5d75bd.jpg
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі TikTok әлеуметтік желісінде тараған Қазақстан Ресейге зымыран құрастыруға арналған компоненттер жеткізетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Stopfake.kz."Зымырандарға арналған аталған компоненттер "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан заңына сәйкес экспорттық бақылау шараларына жататын әскери мақсаттағы өнімдерге жатады. "Компоненттерді зымыран жасау технологияларында пайдалануға болатынына жатқызу/жатқызбау" факторын анықтау экспорттық бақылау тетіктері шеңберінде жүргізіледі", - деп түсіндірді индустрия министрлігі.Ведомствоның мәліметінше, кез келген экспортталатын/импортталатын/транзиттік электрондық жиынтықтауыштар ("чиптер", "микросхемалар") әскери/қос мақсаттағы өнімді өндіру кезінде пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан техникалық зерттеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға (Қорғаныс министрлігі, Энергетика министрлігі, ҰҚК) жіберіледі.Мұндай фактілер расталған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган (ИИДМ индустриялық даму комитеті) жеткізілімдерді экспорттық лицензиялауға жібереді."Қазақстан үкіметінің биылғы 27 тамыздағы шешімімен әскери мақсаттағы өнімнің экспортына/транзитіне тыйым салынады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасынан әскери мақсаттағы өнімнің, оның ішінде зымыран жиынтықтауыштарының немесе зымыран дайындауға арналған компоненттердің реэкспорты/транзиті 2022 жылы және оған дейін жүзеге асырылмаған (ИИДМ ИДК экспорттық бақылау базасының деректері бойынша)", – деп хабарлады ведомство.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18892615_333:0:3000:2000_1920x0_80_0_0_5ae0c3cde5b99d0e049ee2088299a303.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зымыран бөлшектері
Ресейге зымыран компоненттері жеткізілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі TikTok әлеуметтік желісінде тараған Қазақстан Ресейге зымыран құрастыруға арналған компоненттер жеткізетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады
Stopfake.kz.
"Зымырандарға арналған аталған компоненттер "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан заңына сәйкес экспорттық бақылау шараларына жататын әскери мақсаттағы өнімдерге жатады. "Компоненттерді зымыран жасау технологияларында пайдалануға болатынына жатқызу/жатқызбау" факторын анықтау экспорттық бақылау тетіктері шеңберінде жүргізіледі", - деп түсіндірді индустрия министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, кез келген экспортталатын/импортталатын/транзиттік электрондық жиынтықтауыштар ("чиптер", "микросхемалар") әскери/қос мақсаттағы өнімді өндіру кезінде пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан техникалық зерттеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға (Қорғаныс министрлігі, Энергетика министрлігі, ҰҚК) жіберіледі.
Мұндай фактілер расталған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган (ИИДМ индустриялық даму комитеті) жеткізілімдерді экспорттық лицензиялауға жібереді.
"Қазақстан үкіметінің биылғы 27 тамыздағы шешімімен әскери мақсаттағы өнімнің экспортына/транзитіне тыйым салынады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасынан әскери мақсаттағы өнімнің, оның ішінде зымыран жиынтықтауыштарының немесе зымыран дайындауға арналған компоненттердің реэкспорты/транзиті 2022 жылы және оған дейін жүзеге асырылмаған (ИИДМ ИДК экспорттық бақылау базасының деректері бойынша)", – деп хабарлады ведомство.