Қазақстаннан Украинаның аппараты ұшырылған жоқ – министрлік

© AP Photo / Kirsty Wigglesworth, FileҰшқышсыз ұшатын аппарат
Ұшқышсыз ұшатын аппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі ресейлік БАҚ-та жарияланған Украина қарулы күштеріне тиесілі ұшқышсыз ұшатын аппараттың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады stopfake.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, тараған ақпарат жалған.
"Московский Комсомолец" порталында жарияланған Қазақстаннан ресейлік әуеайлақтарға ұшқышсыз ұшатын аппараттың ұшырылғаны туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар бұл аппараттар Қазақстан Қарулы күштерінде мүлдем болмаған", – деді министрлік өкілдері.
Қорғаныс министрлігі азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмай, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Жаңалықтар
0