Қазақстан тарихшылары Үлкен Алтайдың түркі әлемін зерттеуді жалғастырады
© РИА НовостиПресс-конференции по итогам реализации проекта "Тюркский мир Большого Алтая" в 2022 году в пресс-центре медиагруппы "Россия сегодня"
© РИА Новости
Жазылу
АЛМАТЫ, 6 желтоқсан - Sputnik. Қазақстан ғалымдары "Үлкен Алтай" алтайлық және түркология ғылыми орталық желісі бойынша серіктес ЖОО-мен ынтымақтастықты әлі де дамытатын болады, деп хабарлады Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Кабұлдинов сейсенбіде өткен "Ресей бүгін" медиа тобының баспасөз орталығында.
Айта кетейік, бұл баспасөз мәслихаты 2022 жылы "Үлкен Алтайдың Түркі әлемі"жобасын іске асырудың қорытындысы бойынша өтті. Зиябек Қабұлдинов қазақстандық ғалымдардың халықаралық жобаны дамытуға қосқан үлесі туралы айтып берді.
"Біз жобаға қатысқан барлық университеттер мен институттардың игі бастамаларын қолдаймыз.
"Үлкен Алтайдың Түркі әлемі" жобасы бірегей әрі ерекше жоба. Бұл Түркі әлемінің және ықылым заманнан бүгінге дейін зерттеліп келе жатқан түркі халқының зерттеумен айналысқан көптеген мемлекеттердің зерттеу еңбектерін бір арнаға тоғыстырады", - деді ол.
Зиябек Қабульдинов қазіргі уақытта Қазақстанда археологиялық, этнологиялық және тарихи зерттеулер кешені жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Біздің институт жыл сайын Моңғол Республикасында тұратын қазақтар арасында экспедициялар өткізеді. Археология институтымен бірлесе отырып, біз қазақ халқының қасиетті нысандары бойынша іргелі зерттеулер жүргіздік. Биылғы жылы Орталық Азияның төрт Республикасындағы қазақтар арасындағы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы зерттеуді аяқтаймыз. "Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі қазақтар тарихы" атты жаңа жеті томдық басылымды дайындау бойынша бірегей жобаны іске асырамыз. Биыл біз Қазақстан тарихы бойынша ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін шетелдік аудитория үшін академиялық бір томдық басылымды дайындадық", - деді ол.
Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен 2019 жылдан бастап "Үлкен Алтайдың түркі әлемі" жобасын Алтай мемлекеттік университетінің "Үлкен Алтай" алтайлық және түркология ғылыми оқу орталығы жүзеге асырады.
Жобаның мақсаты - түркі өркениетінің тарихи және мәдени құндылықтарын зерттеу негізінде Үлкен Алтай және Орталық Азия елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының ғалымдарын біріктіру. Бүгінде жобаға 30 шетелдік және ресейлік университеттер қатысады, 70 тұрақты қатысушы ғылыми-зерттеу, білім беру және ақпараттық жобалық топтар бар, деп хабарлады Алтай мемлекеттік университетінің президенті, жоба жетекшісі Сергей Землюков баспасөз мәслихатында.
"Ғылыми конференциялар мен сараптамалық сессиялардан гөрі біз жобаны іс жүзінде жүзеге асыруға көштік. Егер 2021 жылы біз Қырғызстан мен Алтайда төрт экспедиция өткізген болсақ, 2022 жылы мұндай экспедицияларды бес рет өткіздік. Бұл экспедициялардың нәтижесі түркі кезеңіндегі Алтай ескерткіштерінің картасы мен каталогы, сондай-ақ Ресей мен Орталық Азия елдерінің славян және түркі халықтарының тарихи-мәдени бірлігі тұжырымдамасын әзірлеу болды. Жұмыс нәтижелері "Үлкен Алтай - түркілердің ата-бабасы" виртуалды мұражайын және сегіз монографияны құруға негіз болды. Болашақ жоспарда-осы кезеңдегі мүсіндер мен петроглифтердің картасы жасалады", - деді Сергей Землюков.
Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің археология және этнография институтының ғылыми жетекшісі, жобаның халықаралық сараптамалық кеңесінің жетекшісі Анатолий Деревянко зерттеушілердің бірлескен жұмысының жақсы нәтижелерін атап өтіп, жоба қатысушылардың санын да, қаржыландыруды да арттыруды талап етті.
"Экспедициялар, мұражайлар мен мұрағаттардағы жұмыстарды жүргізу әлі де жеткіліксіз деңгейде. Бұл жобаны одан әрі ұзарту туралы шешім қабылдау өте маңызды, ол тек ғылыми-білім беру ғана емес, сонымен бірге біріктіруші мәнге ие. Ол бізді дос болған және бірге жұмыс істеген ықылым уақытты мәңгі жадымызда ұстауға, сол жолмен жүруге шақырады", - деді Анатолий Деревянко.
Ғалымдар түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын саясатта емес, ғылымды зерттеуде, сақтауда және оның пайдасына пайдалану керектігін атап өтті.