https://sputnik.kz/20221207/ministrlik-qazaqstandyq-munay-turkiya-30112721.html
Министрлік қазақстандық мұнай Түркия бұғаздарында тұрып қалғанын растады
Министрлік қазақстандық мұнай Түркия бұғаздарында тұрып қалғанын растады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі Түркия бұғаздарында қазақстандық мұнай тиелген танкерлер тұрып қалғанын растады. 07.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-07T16:55+0500
2022-12-07T16:55+0500
2022-12-07T16:55+0500
экономика
түркия
мұнай
https://sputnik.kz/img/old/926/48/9264822_0:187:3089:1925_1920x0_80_0_0_739691f272340f24d7b04576a03cef8e.jpg
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі Түркия бұғаздарында қазақстандық мұнай тиелген танкерлер тұрып қалғанын растады.Ресми ақпарат бойынша мұнай танкерлерінің бұғаздарда тұрғанына 6 күн болған."Бүгінгі таңда Босфор мен Дарданелл бұғаздарында күту 6 күнді құрайды. Қыс мезгілі үшін бұл қалыпты жағдай, былтыр желтоқсанда бұғаздарда күту шамамен 14 күн болған", - деп хабарлады ведомство.Министрлік сақтандыру хаттары туралы мәліметтер нақтыланатынын атап өтті.Шетелдік БАҚ-тың ақпаратынша, Түркия жағалауында мұнай тиелген танкерлер кептеліп қалды. Арасында қазақстандық мұнай да бар.Кептеліске Еуропа одағының ресейлік мұнайға қатысты енгізген жаңа санкциялары себеп болған. Анкара кемелердің сақтандырушыларынан сақтандыру кепілдігі туралы хат талап етіп отыр.Bloomberg мәліметінше, 18 млн баррель мұнай тиелген кемінде 20 танкер бірнеше күннен бері Босфор және Дарданелла бұғаздарында тұр.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/926/48/9264822_358:0:3089:2048_1920x0_80_0_0_dd216f7fc1a1a67268e41b1fe0cd934c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, мұнай
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі Түркия бұғаздарында қазақстандық мұнай тиелген танкерлер тұрып қалғанын растады.
Ресми ақпарат бойынша мұнай танкерлерінің бұғаздарда тұрғанына 6 күн болған.
"Бүгінгі таңда Босфор мен Дарданелл бұғаздарында күту 6 күнді құрайды. Қыс мезгілі үшін бұл қалыпты жағдай, былтыр желтоқсанда бұғаздарда күту шамамен 14 күн болған", - деп хабарлады ведомство.
Министрлік сақтандыру хаттары туралы мәліметтер нақтыланатынын атап өтті.
Шетелдік БАҚ-тың ақпаратынша, Түркия жағалауында мұнай тиелген танкерлер кептеліп қалды. Арасында қазақстандық мұнай да бар.
Кептеліске Еуропа одағының ресейлік мұнайға қатысты енгізген жаңа санкциялары себеп болған. Анкара кемелердің сақтандырушыларынан сақтандыру кепілдігі туралы хат талап етіп отыр.
Bloomberg мәліметінше, 18 млн баррель мұнай тиелген кемінде 20 танкер бірнеше күннен бері Босфор және Дарданелла бұғаздарында тұр.