Елордада "Парыз" байқауының жеңімпаздары марапатталды

"Парыз" сыйлығы, архивтегі фото
 Парыз сыйлығы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан — Sputnik. Астанада жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Биыл конкурсқа қатысуға 479 ұйым өтінім берген. Ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында бас жүлдені Атырау облысының "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." компаниясы алды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішіндегі ең үздігі Ақмола облысының "Шуйское-ХХІ" ЖШС болып анықталды.
"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Ақтөбе облысының "Қазхром ТҰК" АҚ, Шығыс Қазақстан облысының "Шығыстүстімет" ЖШС және Қызылорда облысының "Жаңажол" ЖШС компаниялары лауреат атанды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Қарағанды облысының "Коунрад" мыс компаниясы" ЖШС, Ақмола облысының "Мәдениет" ЖШС және Шығыс Қазақстан облысының "Виситаев" ШҚ бар.
"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын" номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында: Батыс Қазақстан облысының "Қазбургаз" АҚ, Қызылорда облысының "Торғай-Петролеум" АҚ және Астана қаласының "Центрказэнергомонтаж" АҚ лауреат атанды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Солтүстік Қазақстан облысының "Ақселеу" ЖШС, Шымкент қаласының "Qut-Bereke Qurylys" ЖШС және Алматы қаласының "Өндірістік-технологиялық жинақтау басқармасы" АҚ жеңімпаз атанды.
"Үздік ұжымдық шарт" номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Түркістан облысының "Кентау трансформатор зауыты" АҚ, Ақмола облысының "Қазақалтын" ЖШС және Атырау облысының "ЮСС Супорт Сервисез" ЖШС лауреат атанды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Маңғыстау облысының "CASPI Bitum" БК" ЖШС, Батыс Қазақстан облысының "Czech Camp" ЖШС және Жамбыл облысының "СК Достық К" ЖШС марапатталды.
"Экологияға қосқан үлесі үшін" номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Солтүстік Қазақстан облысының "Радуга" ЖШС, Қарағанды облысының "Шұбаркөл көмір" АҚ және Батыс Қазақстан облысының "Жайықмұнай" ЖШС үздіктер қатарынан көрінді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Шымкент қаласының "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС, Қызылорда облысының "Номад Солар" ЖШС және Қарағанды облысының "Рапид" Фирмасы ЖШС лауреат атанды.
"Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығын Атырау облысының "Теңізшевройл" ЖШС ірі кәсіпкерлік субъектісі және Солтүстік Қазақстан облысының "Мамбетов және компания" СС шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санатының өкілдері иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылдан бері "Парыз" байқауына 6401 кәсіпкерлік субъектісі қатысып, 365 кәсіпорын лауреат атағына ие болды.
Гран-при жүлдесі өз саласында жоғары көрсеткішке және корпоративтік, әлеуметтік, экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда үздік нәтижеге жеткен үміткерлерге беріледі.
Жаңалықтар
0