Екібастұздағы барлық әлеуметтік нысан жылуға қосылды

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области Екібастұзда жылу желілеріндегі апаттың салдары жойылып жатыр
Екібастұзда жылу желілеріндегі апаттың салдары жойылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2022
Жазылу
ПАВЛОДАР, 7 желтоқсан – Sputnik. Екібастұзда барлық әлеуметтік нысан жылу жүйесіне қосылды.
"Барлық әлеуметтік нысан толығымен қосылды. Мектептер мен қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету орталықтарында оқу процесін тұрақты режимде бастау үшін бөлмелержылытылып жатыр", - делінген жедел штаб таратқан хабарламада.
Жедел штаб басшысы – премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, апаттан зардап шеккен барлық үйдің кіреберісіне жылу берілген.
Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша жылумен қамту бойынша апаттық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Мәшһүр Жүсіп көшесі, 52 және Сәтбаев көшесі, 8 мекенжайындағы 11 үйде сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
Әкімдіктің колл-орталығы мен "Екібастұзжылуэнерго" абоненттік қызметіне тұрғындардан жылу жүйесіндегі, оның ішінде жеке сектордағы ақауларға қатысты көптеген өтініш түсуде. Барлық өтінім қабылданып, олқылықтар жойылып жатыр.
Жаңалықтар
0