Алматыда "Еуразия" халықаралық кинофестивалі өтеді

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы
Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан - Sputnik. Алматыда "Еуразия" халықаралық кино фестивалі өтеді. Биылғы жылы кинофестивальде екі конкурс жарияланады, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігі.
Екі байқаудың бірі-халықаралық, ал екіншісі - ұлттық байқау. Халықаралық байқауда соңғы 12 айда Еуразия континентінің аумағында түсірілген 15 толықметражды ойын фильмі, ал ұлттық байқауда 2021-2022 жылдары шығарылған 15 отандық толықметражды ойын фильмі сайысқа түседі.
Екі байқауда да жеңімпаздар келесі номинация бойынша анықталады: "Үздік фильм", "Үздік режиссерлік жұмыс", ерлер рөлін үздік орындау, әйелдер рөлін үздік орындау және қазылар алқасының арнайы жүлдесі.
Айта кетейік, белгілі отандық кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Әмірқұлов "Еуразия"ХКФ XVI президенті болды.
"Фестиваль құрылған сәттен бастап "Еуразия" дәстүрінде өскен қазақстандық кинематографистердің тұтас буыны қалыптасты. Бүгін қазақстандық кинематограф осындай деңгейге жетті, оған жеке ұлттық байқау бөлінді.
Онда халықаралық кинофестивальдерге қатысқан және жеңген фильмдер де, кең аудиторияда табысқа жеткен картиналар да жарысатын болады", - деп атап өтті фестивальдің бағдарламалық директоры, Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнара Әбікеева.
Конкурстан тыс мерейтойлық фильмдер, әртүрлі дәуірлер мен жанрлардағы әлемдік кино қайраткерлерінің фильмдерінің ретроспективасын ұсынатын "ерекше оқиға" бағдарламасы; заманауи қысқа метражды қазақстандық киноға арналған "жаңа есімдердің ашылуы" бағдарламасы да кіреді.
Онда 2020-2022 жылдары түсірілген жас режиссерлердің үздік 15 фильмінің көрсетілімдері болады. Фестивальдің ресми ашылуы мен жабылу салтанаты Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Кино көрсетілімдері Kinopark 16 кинотеатрында өтеді.
Жаңалықтар
0