https://sputnik.kz/20221206/taldyqorgandagy-nazarbaev-dangylynyn-atauy-ozgertilui-mumkin-30065637.html
Талдықорғандағы Назарбаев даңғылының атауы өзгертілуі мүмкін
Талдықорғандағы Назарбаев даңғылының атауы өзгертілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
ТАЛДЫҚОРҒАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Талдықорғанда қоғам белсенділері жергілікті биліктен Назарбаев даңғылының бұрынғы атауын қайтаруды сұрады, деп хабарлайды... 06.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-06T20:11+0500
2022-12-06T20:11+0500
2022-12-06T20:11+0500
назарбаев
талдықорған
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19055214_179:0:3820:2048_1920x0_80_0_0_2d74e2fa4219f20c8147c2808f3a5255.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Талдықорғанда қоғам белсенділері жергілікті биліктен Назарбаев даңғылының бұрынғы атауын қайтаруды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.30 қарашада Талдықорған қоғамдық кеңесінің мүшелері облыс әкімдігі мен мәслихатына хат жолдап, онда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы даңғылдың атауын өзгертуді сұрады. Хатта бұрынғы "Тәуелсіздік" атауын көшеге қайтару керектігі айтылған."Иә, шынымен де өтініш түсті. Ол заң аясында қаралады", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық мәслихат аппаратының басшысы Аманжол Жазықбаев.Еске сала кетейік, 2019 жылдың наурыз айында қалалық Ардагерлер кеңесінің бастамасымен Талдықорғандағы ең ұзын көшелердің бірі саналатын Тәуелсіздік орталық көшесі Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгертілді. Ұзындығы 6,8 шақырым болатын көше Еркін елді мекенінен Жалайыр даңғылына дейін созылып жатыр.
https://sputnik.kz/20221120/bilikti-tapsyrgan-kezde-tandau-zhasap-qoyganmyn--nazarbaev-29528901.html
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19055214_634:0:3365:2048_1920x0_80_0_0_debdad24f68b6e00de95097ebe4f2849.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев, талдықорған
Талдықорғандағы Назарбаев даңғылының атауы өзгертілуі мүмкін
ТАЛДЫҚОРҒАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Талдықорғанда қоғам белсенділері жергілікті биліктен Назарбаев даңғылының бұрынғы атауын қайтаруды сұрады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
30 қарашада Талдықорған қоғамдық кеңесінің мүшелері облыс әкімдігі мен мәслихатына хат жолдап, онда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы даңғылдың атауын өзгертуді сұрады. Хатта бұрынғы "Тәуелсіздік" атауын көшеге қайтару керектігі айтылған.
"Иә, шынымен де өтініш түсті. Ол заң аясында қаралады", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық мәслихат аппаратының басшысы Аманжол Жазықбаев.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың наурыз айында қалалық Ардагерлер кеңесінің бастамасымен Талдықорғандағы ең ұзын көшелердің бірі саналатын Тәуелсіздік орталық көшесі Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгертілді. Ұзындығы 6,8 шақырым болатын көше Еркін елді мекенінен Жалайыр даңғылына дейін созылып жатыр.