https://sputnik.kz/20221206/sertifikat-diplom-ministrlik-30058957.html
Сертификат жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломның күшін жоймайды – министрлік
Сертификат жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломның күшін жоймайды – министрлік
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысшылар үшін дағдылар мен құзыреттерді бағалау және сертификаттау жүйесін... 06.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-06T15:35+0500
2022-12-06T15:35+0500
2022-12-06T15:35+0500
білім
диплом
https://sputnik.kz/img/07e5/07/02/17514769_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_52e2cd875e2c4b2f385eb011a5177dd9.jpg
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысшылар үшін дағдылар мен құзыреттерді бағалау және сертификаттау жүйесін енгізуге қатысты "Кәсіптік біліктілік туралы" заң жобасының нормаларын түсіндірді.Министрліктің ақпаратынша, соңғы жылдары қазақстандық жұмыс берушілер оқу орындары түлектерінің кәсіби даярлық деңгейіне әрдайым қанағаттана бермейді және басым бөлігі жұмысқа қабылдау кезінде тәжірибесінің болғанын талап етеді. Ал бұл жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болады.Осыған байланысты еңбек министрлігі "Кәсіптік біліктілік туралы" заң жобасын әзірледі."Бұл құжат білім беру жүйесін Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстырады. Яғни, білім бағдарламалары жұмыс берушілердің техникалық тапсырмаларына немесе кәсіптік стандарттарға сәйкес әзірленеді", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.Заң аясында сертификаттау жүйесі енгізіледі. Сертификат тәжірибеде қажет білім, еңбек дағдылары мен біліктілігін бағалағаннан кейін беріледі. Сертификатты формальды, сондай-ақ бейресми және информальды білім иелері ала алады.Заң жобасында кәсіптік дағдылар мен құзыреттерді тану міндетті болатын кәсіптер тізбесін қалыптастыру көзделіп отыр. Яғни оқу орындарының түлектері мен қазір жұмыс істейтін мамандар өз біліктілігін растауы қажет болады.Өзге мамандықтар бойынша түлектер мен қызметкерлер біліктілігін өз еркімен растай алады."Бейресми және информальды білім беруді тануды ескере отырып, сертификаттауды енгізу қазақстандықтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Мысалы, асты жақсы дайындайтын адам егер қажетті кәсіби дағдылары болса, аспазшы сертификатын алып, жұмысқа орналасу кезінде осы құжатты білім туралы дипломмен қатар қолдануға мүмкіндігі бар", - деді министрлік.Сертификаттау біліктілікті танудың мамандандырылған орталықтарында жүзеге асырылады және қызметкерлерді өмір бойы құзыреттерін жетілдіруге ынталандырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/02/17514769_454:0:3185:2048_1920x0_80_0_0_ed38a43e4bccd8744c4012b382b497b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
диплом
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысшылар үшін дағдылар мен құзыреттерді бағалау және сертификаттау жүйесін енгізуге қатысты "Кәсіптік біліктілік туралы" заң жобасының нормаларын түсіндірді.
Министрліктің ақпаратынша, соңғы жылдары қазақстандық жұмыс берушілер оқу орындары түлектерінің кәсіби даярлық деңгейіне әрдайым қанағаттана бермейді және басым бөлігі жұмысқа қабылдау кезінде тәжірибесінің болғанын талап етеді. Ал бұл жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болады.
Осыған байланысты еңбек министрлігі "Кәсіптік біліктілік туралы" заң жобасын әзірледі.
"Бұл құжат білім беру жүйесін Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстырады. Яғни, білім бағдарламалары жұмыс берушілердің техникалық тапсырмаларына немесе кәсіптік стандарттарға сәйкес әзірленеді", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Заң аясында сертификаттау жүйесі енгізіледі. Сертификат тәжірибеде қажет білім, еңбек дағдылары мен біліктілігін бағалағаннан кейін беріледі. Сертификатты формальды, сондай-ақ бейресми және информальды білім иелері ала алады.
"Бірқатар БАҚ-та ақпараттың қате берілгенін ескеріп, кәсіби дағдыларды сертификаттауды енгізу оқу орнын бітіргені туралы дипломның күшін жоймайтынын, бірақ азаматтарға жұмыс берушілер тарапынан үлкен сұранысқа ие болу үшін өз біліктілігін растауға мүмкіндік беретінін нақтылаймыз", - деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Заң жобасында кәсіптік дағдылар мен құзыреттерді тану міндетті болатын кәсіптер тізбесін қалыптастыру көзделіп отыр. Яғни оқу орындарының түлектері мен қазір жұмыс істейтін мамандар өз біліктілігін растауы қажет болады.
Өзге мамандықтар бойынша түлектер мен қызметкерлер біліктілігін өз еркімен растай алады.
"Бейресми және информальды білім беруді тануды ескере отырып, сертификаттауды енгізу қазақстандықтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Мысалы, асты жақсы дайындайтын адам егер қажетті кәсіби дағдылары болса, аспазшы сертификатын алып, жұмысқа орналасу кезінде осы құжатты білім туралы дипломмен қатар қолдануға мүмкіндігі бар", - деді министрлік.
Сертификаттау біліктілікті танудың мамандандырылған орталықтарында жүзеге асырылады және қызметкерлерді өмір бойы құзыреттерін жетілдіруге ынталандырады.