Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 6 қараша – Sputnik. 3 желтоқсанда Қызылорда қаласы полиция басқармасының "102" арнасына мұз астынан белгісіз адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабарлама түскен.
Қалалық полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
"Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер адамның мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу жалғасады", - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2022
Атырауда 8 жастағы оқушы суға түсіп кеткен 2 баланы құтқарды
Жаңалықтар
0