Қазақстандықтар 74,6 млрд теңгеге "ҚазМұнайГаз" акцияларын сатып алды

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги, купюры, иллюстративное фото
Тенге, деньги, купюры, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. IPO-ға шығарылған "ҚазМұнайГаз" компаниясының акцияларын сатып алуға 130 мыңға жуық өтінім түсті. Басымдық қарапайым азаматтарға берілді. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет отырысында Сатқалиев ҚазМұнайГаздың IPO нәтижелеріне тоқталды. Барлығы жеке және заңды тұлғалардан 153,8 млрд теңгеге 129,9 мың өтінім түскен. Компанияның бір акциясы 8 406 теңгеден сатылды.
"Кеше Қордың директорлар кеңесі мен үкімет Қазмұнайгаз акцияларын иеліктен шығару туралы соңғы шешімдер қабылдады. Қазақстан азаматтарының өтінішін қанағаттандыруға басымдық берілді. Азаматтардан түскен өтініштердің жалпы саны – 128,7 мың өтініш. Жалпы сомасы жетпіс 74,6 миллиард теңгені (48,5%) құрады", - деді Сатқалиев үкімет отырысында.
Өтініш қабылдау 9 қарашада басталып, 2 желтоқсанда аяқталған болатын.
Жаңалықтар
0