Полициядан қашқан ер адам қоқыс жәшігіне тығылды – видео

© AFP 2024 / ALEJANDRO PAGNIархив фото
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Атырауда полициядан қашқан қала тұрғыны қоқыс жәшігінде тығылмашқы болды. Оның әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, 5 желтоқсан күні кешкі сағат 20:00-нің шамасында полицияға хабарласқан әйел үйінің алдынан Nissan Almera автокөлігін ұрлап кеткенін хабарлады. Көлік оталып тұрған. Белгісіз біреу мініп алып, айдап кеткен.
Тәртіп сақшылары "Сергек" бейнебақылау жүйесі арқылы ұрланған көлікті көріп, сол жерде жүрген патрульдік экипажға хабар берген.
Полицияны көрген ұры көлікпен қаша жөнелді. Жол ережесін өрескел бұзып, қарсы бағытқа шықты, жол апатына түсті. Сосын полициядан қашып, жақын жердегі қоқыс жәшігіне тығылған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Тексеріс кезінде 34 жастағы ер адамның есепте тұрғаны анықталды. Бұған дейін көлік ұрлаған, қалта ұрысы да болған. Қазіргі кезде тергеу шаралраы басталды.
Жаңалықтар
0