https://sputnik.kz/20221206/ministr-oligarkhtyn-ekibastuz-zheo-ny-1-tengege-satu-turaly-usynysyna-pikir-bildirdi-30049111.html
Министр олигархтың Екібастұз ЖЭО-ны 1 теңгеге сату туралы ұсынысына пікір білдірді
Министр олигархтың Екібастұз ЖЭО-ны 1 теңгеге сату туралы ұсынысына пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Екібастұз ЖЭО-ны қазір мемлекет меншігіне алсақ, оның иесіне сыйлық жасағандай боламыз. Өйткені жылу орталығының қазіргі жағдайы... 06.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-06T12:05+0500
2022-12-06T12:05+0500
2022-12-06T12:05+0500
серік жұманғарин
екібастұз
https://sputnik.kz/img/929/24/9292422_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_da21c0317b93450d1a45703ebad215c4.jpg
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Екібастұз ЖЭО-ны қазір мемлекет меншігіне алсақ, оның иесіне сыйлық жасағандай боламыз. Өйткені жылу орталығының қазіргі жағдайы мәз емес. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Үкімет кулуарында журналистер Жұманғариннен олигарх Александр Клебановтың Екібастұз ЖЭО-ны мемлекетке 1 теңгеге сату туралы ұсынысы жайлы сұрады. Ол ең алдымен Екібастұздағы апатты бірлесіп жою мәселесін қарастыру керек екенін айтты. "Егер біз нысанды өзімізге алып, бүкіл қаражатты соған құйсақ, іс жүзінде меншік иесіне сыйлық жасағандай боламыз", - деді Жұманғарин. Бұған дейін мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров олигарх Александр Клебанов өзі бақылайтын Екібастұз жылу электр орталығын апатты күйде мемлекетке 1 теңгеге сатқысы келетінін мәлімдеді. Депутаттың айтуынша, Екібастұз қаласының әкімшілінде өткен жиналыста бай бизнесмен осындай ұсыныс тастаған. 27 қарашаға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да қазандықтар істен шығып, тұрғындар қақаған аязда жылусыз қалды. Ертесіне қалада төтенше жағдай жарияланды. Айта кетері, олигарх Александр Клебанов – "Екібастұзжылуэнергия" ЖШС құрылтайшысы.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/929/24/9292422_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_aa5ae836449a6cc0ead0c8be5cdfcbf4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
серік жұманғарин, екібастұз
серік жұманғарин, екібастұз
Министр олигархтың Екібастұз ЖЭО-ны 1 теңгеге сату туралы ұсынысына пікір білдірді
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Екібастұз ЖЭО-ны қазір мемлекет меншігіне алсақ, оның иесіне сыйлық жасағандай боламыз. Өйткені жылу орталығының қазіргі жағдайы мәз емес. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер Жұманғариннен олигарх Александр Клебановтың Екібастұз ЖЭО-ны мемлекетке 1 теңгеге сату туралы ұсынысы жайлы сұрады.
"Мен ондай әңгімені естідім. Бірақ қазір мұны ЖЭО-ның жағдайына қарап зерттеу қажет. ЖЭО-ның өзіне, жылумен жабдықтау желілеріне қаншама қаражат керек. Ертең бүкіл жүктемені бюджет өзіне алып, ЖЭО-ны бір теңгеге сатып алса, ертең 1 миллиард теңге шығын болмасын", - деп жауап берді вице-премьер.
Ол ең алдымен Екібастұздағы апатты бірлесіп жою мәселесін қарастыру керек екенін айтты.
"Егер біз нысанды өзімізге алып, бүкіл қаражатты соған құйсақ, іс жүзінде меншік иесіне сыйлық жасағандай боламыз", - деді Жұманғарин.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров олигарх Александр Клебанов өзі бақылайтын Екібастұз жылу электр орталығын апатты күйде мемлекетке 1 теңгеге сатқысы келетінін мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, Екібастұз қаласының әкімшілінде өткен жиналыста бай бизнесмен осындай ұсыныс тастаған. 27 қарашаға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да қазандықтар істен шығып, тұрғындар қақаған аязда жылусыз қалды. Ертесіне қалада төтенше жағдай жарияланды.
Айта кетері, олигарх Александр Клебанов – "Екібастұзжылуэнергия" ЖШС құрылтайшысы.