Екібастұз ЖЭО учаске басшысының өлімі оның қызметімен байланысты емес – полиция

© Photo : Pixabay/Иллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2022
Жазылу
Полиция тергеудің алдын ала нәтижесін жариялап, қызметтік құжаттардың желіде таралуына байланысты ішкі тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Факт Екібастұз қаласының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
4 желтоқсан күні кешке Екібастұзда ВАЗ 21099 автокөлігінен Екібастұз ЖЭО учаске басшысының денесі табылғаны туралы полиция рапортының көшірмесі әлеуметтік желіде тарады.
Полицейлер тергеуді Екібастұз қаласының полиция бөлімі жүргізіп жатқанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы алдын ала анықталды.
"Екібастұздағы гараждардың бірінде тұрған, қозғалтқышы қосулы болған жеке көліктен 33 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиға отбасылық жанжал салдарынан болған. Бұл жағдайдың марқұмның қызметіне қатысы жоқ", - деп жазылған полиция департаменті ұсынған хабарламада.
Бұған дейін ішкі құжатты тарату фактісі бойынша Павлодар облысының полиция департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп жатқаны хабарланды.
Жаңалықтар
0