Екібастұз халқы бұрынғы өміріне қашан оралады – вице-премьер жауабы

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области В Экибастузе устраняют последствия аварии на теплосетях
В Экибастузе устраняют последствия аварии на теплосетях - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Үкімет кулуарында журналистер премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннен Екібастұз халқына қашан толығымен жылу берілетінін, тұрғындар қалыпты өмірге қашан оралатынын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, Екібастұз ЖЭО-дағы ақауды жою үшін желілер ажыратылған. Сол кезде үйлерде батареялардағы су ағызылмаған. Суықтан ол қатып қалған.
"Сол себепті жылу берген кезде үйдегі батареялар жарыла бастады. Қазір үйлерге жылу берілді, жылу желілерімен байланысты проблемалар шешілді. Енді қазір сол үйлердің ішінде проблема бар. Қалада жүрген мамандар батареяларды ауыстыру үшін бар күшін салып жатыр. Менің ойымша, бұл алдағы екі күннің мәселесі. Үйлерге жылу берілді, кеше сондай ақпарат тарады. Менің әріптесім, премьердің бірінші орынбасары Роман Скляр сол жерде жүр. Ол осы саланың маманы", - деді Жұманғарин үкімет кулуарында.
"Сіздің болжамыңыз бойынша аптаның соңына дейін екібастұздықтардың үйінде жылу болады ғой" деп нақтылады журналистер.
"Менің ойымша, солай болады", - деді вице-премьер.
Еске салсақ, қараша айының соңында Екібастұз ЖЭО-дағы қазандықтар істен шығып, қала халқы жылусыз қалды.
Жаңалықтар
0