Батыс Қазақстан тұрғыны қызының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуМягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Айдана Мұхамбетиярова үш жасар қызының қайтыс болуына аденоидты алып тастау бойынша ота жасаған дәрігерлерді кінәлайды. Әйел баланың өліміне емхананың медициналық қызметкерлеріне жауапты дейді.
Әйел қарапайым әрі қауіпсіз операциядан кейін бала дәрігерлер мен медбикелердің қарауынсыз қалды деп есептейді. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.
Айдана Мұхамбетиярова қызында кенеттен ентігу пайда болғанын айтты. Үш жасар балаға "созылмалы тонзиллит" диагнозы қойылып, аденоидты алып тастауға отаға жіберіледі. Операция сәтті өткен, бірақ кешке қарай бүлдіршін мазасыздана бастаған.

"Олар жансақтау бөлімінен медбикені шақырды. Ол келді, бірақ катетер қоя алмады. Баланың қолы мұздап бара жатты, содан кейін екінші медбикені шақырды.Ол дереу дәрігерлерді шақырып, баланың ауыр халде екенін түсіндірді. Себебі ол кезде ентігу басталды. Ол "Баланың жаны қиналып жатыр, оны жылдам жансақтау бөліміне жеткізу керек, қазір катетер көмектеспейді" деп айтты. Бірақ бірінші келген медбике оның сөзін тыңдамай, катетерді орнатуға тырысты", - дейді марқұм қыздың анасы Айдана Мұхамбетиярова.

Қайғыға батқан ананың айтуынша, бұл оқиға демалыс күні болған. Дәрігерлер сәбиге бірден көмекке келмеуіне осы факті де себеп болуы ықтимал.
"Дәрігерлер тек кешке, баланың жағдайы өте ауыр кезде ғана келді. Тамыр соғуын тексеріп, бір-біріне белгі бере бастады да, сосын қызымды жансақтау бөліміне жеткізді. Сосын мені кабинетке шақырып, баламды аман алып қала алмағандарын айтты. Олар көңіл айтты. Бірақ бәріне дәрігерлердің салғырттығы себеп деп ойлаймын. Отадан кейін қызыма дұрыс қараған жоқ",- дейді Айдана.
Бұл ретте дәрігерлер операцияға дайындық кезінде баланың денсаулығында ешқандай кінәрат болмағанын мойындады. Отадан кейін де қыздың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған. Барлық көрсеткіштер қалыпты болды. Бірақ сараптама проблемалардың бар екенін көрсетті.
"Бала қайтыс болды, содан кейін жасалған сараптамада баланың жүрек ауруы және пневмониямен ауырғаны анықталды. Кез келген операция үлкен қауіп, әсіресе ілеспе аурулары бар балалар үшін қауіпті. Біз бүкіл бөлім атынан ата-анасына қайғырып көңіл айтамыз", - дейді отоларинголог Орынбек Жұбанов.
Жергілікті полиция қыздың өліміне қатысты тергеуді бастады. Тәртіп сақшылары дәрігерлердің өз міндеттерін қаншалықты кәсіби орындағанын анықтап жатыр. Ал, марқұм Айназдың жанұясы кінәлілер жазасын алғанша бұл істі соңына дейін апаруға ниетті.
Жаңалықтар
0