"Айбоз" ұлттық сыйлығы: алдын ала тізімге енген шығармалар жарияланды

© Photo : bobbi7Ручка, перо, письмо, иллюстративное фото
Ручка, перо, письмо, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығының алдын алы тізіміне енген шығармаларды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Конкурстың жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрайды, әр номинация бойынша жеңімпазға 5 млн теңге табысталады.
Үздік поэзия:
"Алмас қылыш" өлеңдер топтамасы. Авторы - Бахытжан Раисова;
"Мидағы код" өлеңдер топтамасы. Авторы - Серік Ақсұңқарұлы;
"Дневник ночей" өлеңдер топтамасы. Авторы - Ольга Шиленко;
"Басы жоқ мүрде" өлеңдер топтамасы. Авторы - Қуаныш Жасай;
"Тобылғы түсті толғауым" өлеңдер топтамасы. Авторы - Аманкүл Пішенбайқызы;
"Жұмбақ арал" шығармасы. Авторы - Батырхан Сарсенхан;
"Екінші әлем" поэмасы. Авторы - Жанат Жаңқашұлы.
Үздік проза:
"Тырнақ" әңгімесі. Авторы - Айгүл Кемелбаева;
"Айғайтас" романы. Авторы - Тұрысбек Сәукетаев;
"Шымқай-қара" шығармасы. Авторы - Тұңғышбай Төрегелдиев;
"Тағы мен тау баласы" повесті. Авторы - Марат Жолдасбеков;
"Фартовый" шығармасы. Авторы - Бек Сарбас;
"Жаңа дәуір жампоздары" әңгімелер циклі. Авторы - Қуаныш Жиенбай;
"Кітап патшалығына саяхат" хикаяты. Авторы - Нұрбек Нұржанұлы.
Үздік драматургия:
"Космостар" пьесасы. Авторы - Наталья Махно;
"Бөрібай" пьесасы. Авторы - Айдын Рысбекұлы;
"Мың мен жалғыз... " пьесасы. Авторы - Талғат Теменов;
"Жаза" пьесасы. Авторы - Думан Рамазанұлы;
"Кемпір алып қашу" пьесасы. Авторы - Исраил Сапарбай;
"Шах-Махмұт" пьесасы. Авторы - Елен Әлімжан;
"Елім десем... " пьесасы. Авторы - Жолтай Әлмашұлы;
Үздік аударма:
Эрих Мария Ремарктың "Махаббат декадансы" әңгімесі. Аударған Аклима Исмаил;
Лесли Ньюманның "Хатико. Иесін күткен ит" повесті. Аударған Баян Хасанова;
Джек Лондонның "Арыстан адамның хикаясы", Оливер Генридің "Кактус", "Бақбақ гүл сезім", "Тұтқындағы маршал", "Шатырдағы бөлме", Оскар Уайлдтың "Миллионер қайыршы", Чарль Диккенстің "Таңғажайып саяхат", Эдгар Аллан Поның "Иірім", "Менің аттасым", "Ұрланған хат", Стивен Ликоктың "Менің есепшотым" шығармалары. Аударған Алпамыс Файзолла;
Стефан Цвейгтің "Амок", "Бақилық ағаның көз жасы" новеллалары. Аударған Кенжебай Ахметов;
Антон Чеховтың "Қыз жасауы", "Жанашыр жауыз", "Тұманды Альбионның қызы" әңгімелері. Аударған Мәди Әсетұлы
"Неміс тіліндегі ертегілер мен аңыздар" топтамасы. Аударған Шолпан Бәйнеш;
Уильям Шекспирдің "Жазғы түнде көрген түс" шығармасы. Аударған Үрила Кеңесбаева;
Үздік балалар әдебиеті:
"Киік киесі" хикаяттар мен әңгімелер топтамасы. Авторы - Өтеш Қырғызбаев;
"Бала Кенен" әңгімесі. Авторы - Есболат Айдабосын;
"Іздер құпиясы" детективтік романы. Авторы - Бекен Ыбырайым;
"Аққұба бала Майкл Джексонға айналады" шығармалар топтамасы. Авторы - Қанат Әбілқайыр;
"Өсер елдің баласы" ертегілер, әңгімелер мен хикаяттар топтамасы. Авторы -Заря Жұманова;
"Мейір мен Ғаламаттың бастан кешкендері" қиял-ғажайып повесті. Авторы - Пернебек Дүйсенбин;
"Бұлбұл жайлы ертегі" шығармасы. Авторы - Жанатбек Тұрғанбаев;
Үздік комикс:
"Жарық пен түнек" комиксі. Авторы - Зәуре Төрехан; "Қабанбай батыр" комиксі. Авторы - Азат Шәуеев;
"Әлихан мен Әйкерім саяхаты" комиксі. Авторы - Сәуле Бурбаева;
"Бөгенбай батыр" комиксі. Авторы - Азат Шәуеев;
"Түс көретін робот" комиксі. Авторы - Досхан Жылқыбай;
"Жетпіс палуан" комиксі. Авторы - Жантас Набиоллаұлы; "Жұрттың баласы" комиксі. Авторы - Айсұлу Талқанбай;
Үздік кітап дизайны:
"Тау-Қайнар" баспасының "VIZIT TURKISTAN" кітабы;
"AmalBooks" баспасының "Кенесары хан уа сұлтан Сыдық" кітабы;
"Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының "Ecosophy немесе киелі табиғат" кітабы;
"RUAN" баспа компаниясының "Ұмай Ана" кітабы;
Әлем халықтары жазушылары одағының "Әлем халықтары жазушылары одағының антологиясы" (1-2 том) кітабы;
"Ақнұр Сапа" баспасының "Забытые мыслители Великой степи (ІХ-ХХвв) " кітабы;
"Muqaba" баспасының "Берекелі бизнестің сыры" кітабы;.
Бүгін, 6 желтоқсанда мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында жеңімпаздардың тізімі жарияланады.
Жаңалықтар
0