Атырауда жасөспірім қызды зорламақ болған педофил ұсталды

© AP Photo / Dieu Nalio CheryНаручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 6 қараша – Sputnik. Атырауда 34 жастағы ер адам 13 жастағы қызды зорламақ болды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адам Reno Duster көлігін ұрлап кетіп, көлік ішінде 13 жасар қызды зорламақ болған. Бірақ қаскүнем іш киімін шешіп жатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды.
"Атырау қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің нәтижесінде ол қылмыс үстінде ұсталды. Күдікті қамауға алынды. 120-баптың 4-бөлігі (Зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0