Астанада оқушылардың басым бөлігі қашықтан оқыту форматына ауыстырылды

© AP Photo / Eric GayУчитель
Учитель  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Астанада мектеп оқушыларының басым бөлігі қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Бұған дейін білім беру басқармасы 6 желтоқсанда күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылғанын хабарлаған болатын.
Түстен кейін де оқушылардың басым бөлігін қашықтан оқытуға шешім қабылданды.

"2022 жылдың 6 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, бүгін түнде және таңертең ауа температурасы -29-31-ге дейін төмендеді. Дала аяз, күндіз -20-22 болады.
Жаңалықтар
0