https://sputnik.kz/20221206/aqtobe-oblysy-zhastar-turgyn-uy-bagdarlamasy-30063016.html
Ақтөбе облысында жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Ақтөбе облысында жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Отбасы банк пен Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе жастары бағдарламасын іске қосады. Оған облыстың 35 жасқа дейінгі тұрғындары... 06.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-06T17:23+0500
2022-12-06T17:23+0500
2022-12-06T17:23+0500
өңірлер
ақтөбе облысы
жастар
тұрғын үй бағдарламасы
https://sputnik.kz/img/274/36/2743680_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_a6ac378d34601c028ade9769949bc3ee.jpg
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Отбасы банк пен Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе жастары бағдарламасын іске қосады. Оған облыстың 35 жасқа дейінгі тұрғындары қатыса алады.VII "Aktobe Investment - 2022" халықаралық инвестициялық форумы аясында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова "Ақтөбе жастары" бағдарламасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды."Отбасы банкінде соңғы бес жылда жас салымшылардың депозиттік базасы 35 пайызға артты. Қазір бізде 18 бен 35 жас аралығындағы 925 мың қазақстандық болашақта баспаналы болу үшін депозиттеріне ақша жинап жатыр. Бұл жастардың қаражат жинауға ынталанып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сенім артқанының белгісі. Ал біз оларға қолдау көрсеткіміз келеді. Сондықтан да әкімдіктермен бірлесе отырып, еліміздің бүкіл аумағында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламаларын белсенді түрде қолға алып жатырмыз", - деді Отбасы банк басшысы ләззат Ибрагимова.Айтуынша, Ақтөбе облысы – жастарға арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылатын тоғызыншы өңір. Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті әкімдік пен Отбасы банк әрқайсысы 300 млн теңгеден бөледі.Бағдарламаға кімдер қатыса алады"Отбасы банк" баспасөз қызметінің ақпаратынша, тұрғын үй бағдарламасына дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт қызметкерлері, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік сала, мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ ТЖД қызметкерлері мен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатыса алады."Ақтөбе жастары" бағдарламасы бойынша әлеуетті несие алушылардың тізімін жергілікті әкімдік құрады. Өтініштердің қалай қабылданатыны және байқау кезеңі жайлы әкімдік қосымша хабарлайды.Бағдарлама шарттарыҚатысушылар пулы құрылғаннан кейін, барлығы Отбасы банкінен несие алуға жолдама алады.Үміткерлер төлем қабілеттілігін растап, жылдық 5 пайызбен заем ала алады.Алғашқы жарна – 10%.Үй алатындарға берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 15 млн теңге.Баспананы жаңа немесе қолданыстағы тұрғын үйлерден сатып алуға болады.Жастарға қандай талап қойылады:"Отбасы банктің" ақпаратынша, қазір жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы Алматы мен Астана қалаларында, сондай-ақ Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында жұмыс істеп тұр. Дәл осындай бағдарлама Жетісу мен Абай облыстарында да іске қосылады деп жоспарлануда.Облыс әкімдіктері мен Отбасы банктің жастарды несиелендіруге бағыттаған ортақ бюджеті қазірдің өзінде 60 млрд теңгеден асып түскен.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/274/36/2743680_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_cf61408eb3590e218edd5b9b8fbb4611.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, жастар, тұрғын үй бағдарламасы
ақтөбе облысы, жастар, тұрғын үй бағдарламасы
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Отбасы банк пен Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе жастары бағдарламасын іске қосады. Оған облыстың 35 жасқа дейінгі тұрғындары қатыса алады.
VII "Aktobe Investment - 2022" халықаралық инвестициялық форумы аясында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова "Ақтөбе жастары" бағдарламасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды.
"Отбасы банкінде соңғы бес жылда жас салымшылардың депозиттік базасы 35 пайызға артты. Қазір бізде 18 бен 35 жас аралығындағы 925 мың қазақстандық болашақта баспаналы болу үшін депозиттеріне ақша жинап жатыр. Бұл жастардың қаражат жинауға ынталанып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сенім артқанының белгісі. Ал біз оларға қолдау көрсеткіміз келеді. Сондықтан да әкімдіктермен бірлесе отырып, еліміздің бүкіл аумағында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламаларын белсенді түрде қолға алып жатырмыз", - деді Отбасы банк басшысы ләззат Ибрагимова.
Айтуынша, Ақтөбе облысы – жастарға арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылатын тоғызыншы өңір. Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті әкімдік пен Отбасы банк әрқайсысы 300 млн теңгеден бөледі.
Бағдарламаға кімдер қатыса алады
"Отбасы банк" баспасөз қызметінің ақпаратынша, тұрғын үй бағдарламасына дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт қызметкерлері, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік сала, мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ ТЖД қызметкерлері мен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатыса алады.
"Ақтөбе жастары" бағдарламасы бойынша әлеуетті несие алушылардың тізімін жергілікті әкімдік құрады. Өтініштердің қалай қабылданатыны және байқау кезеңі жайлы әкімдік қосымша хабарлайды.
Қатысушылар пулы құрылғаннан кейін, барлығы Отбасы банкінен несие алуға жолдама алады.
Үміткерлер төлем қабілеттілігін растап, жылдық 5 пайызбен заем ала алады.
Үй алатындарға берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 15 млн теңге.
Баспананы жаңа немесе қолданыстағы тұрғын үйлерден сатып алуға болады.
Жастарға қандай талап қойылады:
өтінім берген кезде қатысушының жасы 35-тен (қоса алғанда) аспауы шарт;
қатысушы мен отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан аумағында меншік құқығында тұрғын үйі болмауы керек;
Ақтөбе облысында таңдаған сала бойынша ресми жұмыс өтілі – соңғы 12 айдан кем емес;
бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
"Отбасы банктің" ақпаратынша, қазір жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы Алматы мен Астана қалаларында, сондай-ақ Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында жұмыс істеп тұр. Дәл осындай бағдарлама Жетісу мен Абай облыстарында да іске қосылады деп жоспарлануда.
Облыс әкімдіктері мен Отбасы банктің жастарды несиелендіруге бағыттаған ортақ бюджеті қазірдің өзінде 60 млрд теңгеден асып түскен.