Алдағы жылдары қандай компаниялар IPO-ға шығарылады

народное IPO - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сатқалиев 2023-2025 жылдары IPO/SPO-ға шығатын компанияларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, Қор мына портфельдік компанияларды IPO/SPO-ға шығаруды жоспарлап отыр:
2023 – 2024 жылдары – "Эйр Астана", "KEGOC" және "Самұрық-Энерго" жасыл активтерінің портфелі (QazaqGreenPower plc жобалық компаниясы);
2024 – 2025 жылдары – ҚазақГаз; 2025 жылы – Қазақстан темір жолы.
Бұған дейін "Самұрық-Қазына" қоры ҚазМұнайГаз компаниясын IPO-ға шығарған болатын. Оның қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 153,8 млрд теңгеге 129,9 мың өтінім түскен.
Соның ішінде қарапайым азаматтар акция сатып алуға 74,6 млрд теңгеге 128,7 мың өтінім берді. Компанияның бір акциясы 8 406 теңгеден сатылды.
Жаңалықтар
0