Экономика

Ұлттық банк инфляция бойынша 2023 жылға арналған болжамды өзгертті

© Sputnik / Сергей Венявский / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк инфляция бойынша 2023 жылға арналған болжамды 7,5-9,5%-тен 11-13%-ке дейін көтерді.
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, базалық сценарийдегі болжам айтарлықтай қайта қаралды.
"2022 жылдың соңына дейін инфляция 20-21% шегінде қалыптасады. Біз 2023 жылғы 1-тоқсанда жылдық инфляцияның шарықтау шегіне жететінін болжап отыр. Жоғары инфляциялық болжамдар мен дезинфляциялық сыртқы ортада инфляция бойынша болжам 2023 жылдың соңына қарай 11-13%-ке дейін көтерілді. 2024 жылы инфляция 7-9%, 2025 жылы 4-6% шегінде болжанады", - деді Пірматов брифингте.
Келешекте тұрақты сұраныс кезіндегі жоғары және тұрақсыз инфляциялық болжамдар инфляция төмендеуінің тежеуші факторы болады. Бұдан әрі инфляциялық фонның жеңілдеуіне қарай және дәнді дақылдардың бағасы тұрақты болған кезде инфляциялық болжамдар төмендейді. Бұл инфляцияның нысаналы бағдарына жетуіне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Ұлттық банк жалпы ішкі өнімнің өсімі 2022 жылы 2-3%, 2023 жылы - 3-4%, 2024-2025 жылдары – 3,5-4,5% деңгейінде болады деп болжап отыр.
Бұған дейін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәжілісте 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырғанда базалық сценарий бойынша 2023 жылы инфляция 7,5-9,5 % деңгейінде белгіленгенін мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
0