Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ке дейін көтерді

© Sputnik / Владислав ВодневНациональный банк Казахстана
Национальный банк Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.
Ведомство хабарлауынша, бұл шешім болжамдар мен нақты деректердің талдауына негізделді.
"Оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары негіз болды. Ішкі экономика тарапынан инфляциялық күтудің барынша тарихи жоғары деңгейде болуы, сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болмауы, сондай-ақ импорттың жедел өсуі кезінде сауданың қайта құрылуы байқалады", - делінген хабарламада.
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені көтеру циклін аяқтауға жақындады. Оның қазіргі деңгейі жеткілікті жоғары деп бағаланады.
"Базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы бүгінгідей мәндерде сақтау инфляцияны тұрақтандыруға және оны орта мерзімді перспективада біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа проинфляциялық күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда ақша-кредит саясатын одан әрі күшейту ықтималдығы төмен деп бағаланады", - деп хабарлады банктегілер.
Жаңалықтар
0