Шымкентте бір отбасы өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

© ДВД Северо-Казахстанской областиГероин. Архивное фото - рекадр
Героин. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Шымкентте интернет арқылы есірткі сатқан ер адам мен әйел ұсталды. Екеуі азаматтық некеде бірге тұрған. Келіншектің баласы да қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, Telegram арнасында есірткі таратуға арналған интернет-дүкен анықталған болатын. Полицейлер үш адамды ұстады. 41 және 35 жастағы жұп азаматтық некеде болған.
Ал үшіншісі - әйелдің бірінші некеден туған 21 жастағы ұлы. Тергеу кезінде олардың біршама уақыттан бері интернет арқылы есірткі сатқаны анықталды. Алдымен электрондық төлем жүйесі арқылы тапсырыс қабылдап отырды. Одан кейін есірткіні жасырын орындарға қалдыру әдісімен таратқан.
"Күдіктілердің Шымкент қаласындағы және Түркістан облысындағы тұрғылықты мекенжайларын тексеру кезінде есірткі қылмыстарын таратуға арналған техникалық құралдар, электрондық таразылар, банк карточкалары, телефондар, есірткі заттарын бөлшектеуге және орауға арналған түрлі материалдар, тіркелмеген қару мен оқ-дәрілер, сондай-ақ 68 дана дайын есірткі заттары тәркіленді", - дейді полицейлер.
Бұдан бөлек, жасырын орындардан да есірткі табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, барлығы - синтетикалық есірткі.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі де тәркіленеді.
Жаңалықтар
0